Uploaded by asdbar

музыка курсовая

advertisement
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ә.МУСИН АТЫНДАҒЫ БАЛҚАШ ГУМАНИТАРЛЫТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Мамандық: 0105000 – «Бастауыш білім беру»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
пән бойынша: Музыка
тақырыбы: Музыка сабағындағы оқушылардың
шығармашылық қызығушылықтарын жетілдіру
МОМ-14-9 тобының оқушысы
Парахатова А._____________
(қолы)
Жобаның жетекшісі
Шорина Б. _______________
(қолы)
Курстық жоба (жұмыс) «_______________» бағаға қорғалды
Хаттама №___ «______»_______________ 2018 ж.
Балқаш қаласы
1
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1
Мектеп
оқушыларының
шығармашылық
қабілеттерін
қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
1.2 Музыка сабағында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану
ІІ
ТАРАУ.
БАСТАУЫШ
СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ МУЗЫКА
ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыту
2.2 Оқушылардың музыкалық шығармашылығын жетілдіруде
қолданылатын әдіс-тәсілдер
2.3 Бастауыш сыныпта музыка сабағы бойынша өткізілген сабақ
жоспары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2
3
5
5
10
14
14
21
30
32
33
КІРІСПЕ
Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі
бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы
адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу
мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады,
яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды.
Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, оқып отырған пәнге деген
қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны
тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ
дайындайды.
Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылымитанымдық,
экономикалық,
нарықтық
қатынастарға
байланысты
мүмкіндіктерді қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие
үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени
құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, эстетикалық
қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері – бүгінгі қоғамның негізгі
міндеттерінің бірі. Оқыту арқылы оқушыны дамыту Л.С.Выготский,
А.В.Занков, В.В.Давыдов, Ж.Асанов және т.б. еңбектерінде негізгі орын
алады.
Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу
барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни
тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар
ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда
отбасы, мектеп, мектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін
іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны
қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі
қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда В.А.Сухомлинский былай дейді:
«Балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық
әлемінде өмір сүруге міндетті».
Бастауыш сатыда сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар негізінен: оқутәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау;
оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарымқатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету
көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныптан тыс тәрбие
жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және
мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық
қатынасқа байланысты мектептегі сыныптан тыс тәрбие жұмысының
ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек
жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп
отырғаны байқалды. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмысын және
3
үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық
қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет
етеді.
Зерттеудің мақсаты:
Бастауыш мектепте жүргізілетін музыка пәні арқылы оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін арттыруда сыныптан тыс жұмыстарды
ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1. Тақырыптың мазмұнын ашуға бағытталға педагогикалықпсихологиялық еңбектерді жинақтау, оларға теориялық талдау жасау.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы озат
педагогикалық тәжірибелерді салыстыра зерттеу.
3. Шығармашылық қабілеттерді арттыруға бағытталған жұмыстарды
жүргізудің жүйелі жолдарын көрсету.
Зерттеудің объектісі:
Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық қабілеті.
Зерттеудің әдістері:
Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми-теориялық,
ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді іріктеу, талдау жасау, педагогикалықпсихологиялық тәжірибелерді жинақтау, салыстыру анализдеу, синтездеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, екі тарау, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.
4
І ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1
Мектеп
оқушыларының
шығармашылық
қабілеттерін
қалыптастырудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы
оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік
белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру
міндетін қойып отыр.
Шығармашылық тұлға негізі бастауыш сыныпта қалыптасатыны анық.
Осы жастағы балалар бойында шығармашылық қабілеттің бастаулары жатыр.
Тек өмір тәжірибесінің, дара - дүниетаным, дара - эстетикалық көзқарастың
жетімсіздігінен олардың бойларындағы шығармашылық қабілетті ашып
көрсете алмайды. Бұлақ көрсең, көзі ашық деген халқымыз. Жалпы
шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттің өнеге тұтар
ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуға тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі
ұстаз, сынып ұжымы, ата - аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.
Шығармашылық жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғары сыныптарда
шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады. Олар жаңа
идеяға проблемаларды шешуге тырысады.
Баланың жастайынан шығармашылық қабілетін қалай қалыптастыру
керек? Оның жолдары, әдіс - тәсілдері, мазмұны қандай?
Қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі - осы. Психологтардың зерттеуі
бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай өзіндік
ерекше қабілет, бейімділік бар екен.
Төменгі сынып оқушыларының дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда
жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп,
тоқырап қалады.
Сонымен төмені сыныпта оқушыларды шығармашылыққа баулып,
үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнына тоқталсақ:
- Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл - күй тудыру
үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек. Яғни оқушылардың
назарын шығармашылық арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма міндеттер, жаттығу, ойын түрлерін ұсынған жөн;
- Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс тәсілін білу керек;
- Шығармашылық жаттығу ойын тапсырмалардың мазмұны
жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
- Тапсырма - міндетпен танысқаннан кейін бала жұмысқа кіріседі.
Мұғалімнің ең үлкен міндеті: бала белгілі бір көркемдік шешім тауып,
өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейін оны назарынан тыс қалдырмау,
шығармашылық бағыт - бағдар беріп отыруы:
5
- шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің
бүкіл балалары ойлауы үшін жағдай, мүмкіндік туғызу керек. Сыныпта,
ұжымда өзара шығармашылық қарым - қатынас, шығармашылық ахуал
орнату;
- мұғалім - оқушы үшін қарапайым ғана жан. Ал егер ол оқиға, сюжет
құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше
естиді. Өздерінің күшіне деген сенімі қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің
шығармашылықпен айналысуы және өзінің жазған дүниелері жөнінде
балалармен пікір алмасуы заңды;
- шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық,
бостандықты қамтамасыз ету;
- Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - сәтсіздікке
ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді деген тыс қорқыныш сезімі, екінші
- өзіне - өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде
өзін - өзі жек көріп кетеді), үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы
құтқарудың жолдарын табу;
- Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде,
үйде қолайлы жағдай туғызу;
- Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде
қалыптастырып отыру;
- Мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін
көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби
процестің механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа
үйретіп баулымақ түгілі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп,
көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт - бағдар беру ісінде
мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- шығармашылық тапсырмалардың мазмұн - түрін ойлап табу;
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс - тәсілін меңгеру;
- көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық
жағдайларды тудыра білу;
- шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық,
әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық
тұжырымдар жасау.
Бұның өзі шығармашылық сағаттарды жетілдіре түсуге мүмкіндік
береді.
Енді осы қабілет, шығармашылық деген сөздердің мағынасын ашсақ.
Қабілет дегеніміз не?
Қабілеттер (способности) - бір немесе бірнеше іс - әрекеттерді нәтижелі
орындаудың шарты болып табылатын адамның жеке ерекшеліктері. Адамға
кез - келген іс - әрекеттерді нәтижелі орындауға мүмкіндік беретін
қабілеттердің өзінше сапалық үйлесуді дарындылық деп аталады.
Дарындылықтың жоғарғы дәрежесі - талант.
6
Қабілеттерді оқушыларды бұған дейінгі алған білімі және дағдылармен
шектеуге болмайды. Білім, білік, дағдылардың жеңіл тез игеру қабілеттерге
тәуелді болады. Екінші жағынан бұлардың игерілуі қабілеттердің дамуына
ықпал жасайды.
Білім мен біліктің болмауы, қабілеттердің дамуын тежейді. Қабілеттер
оқушыға дайын түрінде берілмек емес, бұлар тәрбиелеу мен оқыту барысында
әрдайым жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Туа бітті тек нышандар, яғни
айтқанда қабілеттер негізінде жататын анатомиялық - физиологиялық
ерекшеліктер болуы мүмкін. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының
нақты іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Адамдардың барлық
қабілеттері - азаматтық қатынастардың жемісі. Қатынастар деңгейі әр
оқушыда әр түрлі болатындықтан қабілеттердің деңгейі әр түрлі болады.
Психологтардың айтуынша, қабілетті айқындау мақсатындағы
зерттеулер ХІХ ғасырдан басталған. Бұл қасиеттің терең түбінде талант
нышаны жатыр.
Қасиеттің тиімділігін дамыту тәрбие жұмысына және жас ерекшелігінің
өзгеруіне де байланысты.
Шығармашылық деген не?
Шығармашылық сөзінің төркіні, этимологиясы шығаруын ойлап табуын
дегенге келіп тоқталады. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: шығармашылық
қайталанбайтын, тарихи - қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық
ашатын іс - әрекеттің деп түсіндіріледі.Көрнекті психолог Л.С.Выгоский
шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атағын. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А.Пономарев оның дамуын ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыдағы болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бұл пікір
бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды.
Зерттеле келе шығармашылыққа берілген анықтамалар да өзгере
бастады. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалықпен қатар
бастамалылық, белсенділіктің ұғымдары астарлас қолданылып жүр.
Шығармашылық - өте күрделі психикалық процесс. Ол іс - әрекеттің түрі
болғандықтан, тек адамға ғана тән.
Шығармашылық (творчество) - қоғамның материалдық және рухани
өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б.
өндіретін, адамның танымға және шындықты түрлендіруге бағытталған
саналы, мақсатты белсенді іс - әрекеті. Әр түрлі іс - әрекетте (ғылымда,
техникада, өнерде қоғамдық қатынастарда, қоғамдық сана түрлерінде,
өндірісте, тұрмыста) адамдардың бардық жасағандары - шығармашылық күш
- жігерінің нәтижесі.
Шығармашылық барысы негізгі белгілері тұрғысынан адамдардың кез келген әрекеті үшін біртұтас болады. Ол өмірді мағыналық ұғынуды, жаңа
шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс әрекеті және оларды өмірге ендірудегі дене еңбегі іс - әрекетін біріктіреді.
7
Әртүрлі іс - әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай, шығармашылық барысы
да санқилы болады.
Мұғалімнің оқушылардың дүниеге көзқарасы, өмірге және еңбекке
ұлықтық - талғамдық қатынасы сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде
шығармашылықтың ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығы теорияны
терең білу, осы заманғы келелі мәселелерді мағыналы ұғыну болып табылады.
Ол оқу - тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуден, ойлаудың томаға
- тұйық еместігін, өз ойын сауатты баяндау беруінен, зор сенімнен көрінеді,
осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.
Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе
бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің
мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез - келген
баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.
Шығармашылыққа деген қажеттілік күрделі рухани қажеттілік. Әзірге
ол барлық адамдарда бірдей деуге болмайды. Ал қоғамда болып жатқан
жаңару процестері әр адамнан күнделікті шығармашылық қайтарымды талап
етіп отыр.
Шығармашылық - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен
айтқанда тіршіліктің көзі, табиғат, қоғам құбылыстарында жеке адамның ақыл
санасында, іс - әрекетінде, ішкі жан дүниесінде шығармашылықтың табиғи
процестері үздіксіз жүріп жатады. Бұл процесс белгілі бір жүйемен дамиды.
Ішкі шығармашылық процестері табиғат өзі басқарады. Ал сыртқы
факторларды басқару, реттеу жеке адамның ой - санасына, айналысатын ісіне
байланысты.
Адамның шығармашылыққа деген жанданысы, оның өз жекелігін, өз
қабілеттерін іске асыруға деген жолын ашады. Шығармашылықтың мәнін аша
отырып, оның әрекетін ұғымымен тығыз байланысты екенін анықтауға
болады. Шығармашылық және әрекет диалектикалық бір тұтастықты құрайды.
Әрекет шығармашылық тудырып, оны нақты болмысқа айналдырса, ол
шығармашылық әрекетті реттейді, оның амалдарын тиімділігін анықтайды.
Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын
дамытуды, олардың шығармашылық күшін дамытуды, олардың
шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет
концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер
шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс
береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершілік,
әсерленушілік және ерік - жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әр түрлі анықтамалар береді.
Мысалы: И.Я. Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа
жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа
шешім табуды белгілейді.
А.Н. Лук шығармашылық әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке,
қырағылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін
атайды.
8
Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық
ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың
жылдамдығын, икемдігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.
Шығармашылық
әрекет
арқылы
шығармашылық
қасиеттер
қалыптасады, әрі қарай дамиды.
Қабілеттің шығармашылық деңгейге көтерілуі неге байланысты деген
сұрақтар әрбір адамды мазалайды. Шығармашылық әрекет - өте күрделі
процесс және ол адамға ғана тән. Шығармашылық - адам іс - әрекетінің түрі.
Мұндай әрекеттің ерекшелігі даму деңгейі тек әлеуметтік факторларға емес,
табиғи биологиялық факторларға байланысты. Бүгінде шығармашылық
қабілеттердің дамуы басты нысана болып, ол оқушыда шығармашылықтың
белгілерінің болмауы үлкен проблемаға айналып, ойландыруға тиісті кезге
жеткен сияқтымыз. Өйткені өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шеше білу,
мемлекетімізді өркениетке жеткізу тек шығармашыл адамдардың ғана
қолынан келмек. Тек шығармашылық қана адамға өмірдің мәнін түсінуге,
бақытын сезінуге, мүмкіндік туғызады.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.
Өйткені бастауыш мектеп:
1. Оқушылардың интеллектуалдық рухани, табиғи нышандарын
дамытуға - өзінің қызығушылықтары мен бейімділіктерін іске қосуға;
2. Жеке адамның сезімдерін қалыптастыруға;
3. ұжымдық және іс - әрекеттер тәсіліне үйретуге;
4. Баланың еркін шығармашылықпен ойлауына, оның барлық
қабілеттерін дамытуға, өз күшіне деген сенімінің болуына жағдай жасауы
керек.
Шығармашылық - жаңа нәрсені ойлап табуға бағытталған қабілеттер
деңгейі.
Қабілеттер проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар
проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға
арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де
болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында
бір нәрсеге деген қабілет болатындығы кеңестік психология ғылымының
негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі
деңгейде болады. Олардың іс - әрекеттің белгілі бір түріне қабілеті не
жоғарылау, не төмендеу келеді. Бұған қарап мысалы, музыкаға, хореографияға
немесе математикаға қабілеті төмен балаларды дарынсыздар қатарына
жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл оның қабілетінің басқа салада жатқандығының
белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс - әрекет
арқылы дамып отырады. Қабілетін деген термин адамдарың белгілі бір істі
орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.
Қабілет ұғымына берілген психикалық анықтамалар саны баршылық
қабілет - іс - әрекеттің белгілі біртүрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда
көрінетін адамның жеке қасиеті - деп жазды академик Т.Тәжібаев.
9
Қабілеттерін - адамның іс - әрекетінің белгілі бір түрін орындай алу
мүмкіндіктері.
Қабілеттердің
даму
мәселесін
зерттей
келе
А.Н.Монтев,
А.В.Петровский, В.А.Куртецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқусыз әрі дамитынын, бірақ онда ол
ұзақ процеске айналатындығын атады. Қабілеттер мәселесі зерттеушілердің
назарын көптеп аударып келуде. Енді сол еңбектердің кейбіреулеріне тоқтала
кетейін. Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн. Ол іс әрекеттің қабілетті дамытуындағы ролін нақтылады. Осыдан бастап
қабілеттердің әрекетте дамитындығы жайлы теория қалыптасып, бұл екі
теория бір тұтастықта қарастырылатын болды. А.Н.Леонтьев басқа
ғалымдардың қабілеттерге берген анықтамаларына қосыла отырып, оларды
дамытудағы әлеуметтік жағдайлардың шешуші роль болатындығына назар
аударады. Педагогикалық қабілеттерді арнайы зерттеген Н.В.Кузмина оның
құрамының үш түрлі қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бір
- бірімен байланысын ашып көрсетеді.
Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да
оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып,
ой - өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді
мақсат етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның
өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда,
оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық
шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы
тәрбиеленеді. Сондықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті
мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқытушының сабақта қолданған
барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту,
музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, әсем сазын терең
түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка
сабағында сезім мен саналылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп,
тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқытушы сабақта жұмыстың ұжымдық,
топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.
1.2 Музыка сабағында дәстүрлі емес әдістерді пайдалану
Жас ұрпақтың бойына туған өлкесі мен халқына деген сүйіспеншілік
қасиеттерді дарытуда музыка мен әдебиеттің байланыстылығы ерекше ықпал
жасайтыны белгілі. Жалпыға білім беретін мектептердегі музыкалық тәрбие
және оқытудың мақсаты оқушылардың рухани байлығын байыту, музыкалық
мәдениетін қалыптастыру, дұрыс бағыт беру болып табылады.
Мектептегі музыка сабағы тек қана музыка сабағы жөніндегі мағлұмат
беріп қана қоймай, ең бастысы өсіп келе жатқан жас ұрпақты жоғары
адамгершілікке, азаматтық қасиеттерге дағдыландыру. Қазіргі таңда музыка
мұғаліміне музыка сабағын жоғары дәрежеде өткізу міндеттері қойылуда және
10
болашақ маман иесінің өнердің әр түріне қызығушылық қасиеттерін
қалыптастыруда.
Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек,
тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне
апат әкеледі», - деп тәрбиенің маңыздылығын атап көрсеткен. Қазіргі уақытта
жалпы білім беретін мектептерде ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойынсауықтар көптеп ұйымдастырылуда. Музыкалық тәрбие жұмыстары - балалар
мерекелері, тәрбие сағаттары, лекция-концерттер, халық композиторларының
шығармашылығын дәріптеп, кеңінен насихаттауға бағытталуы тиіс.
Музыканы сауатты оқыту тұтас алғанда музыканы оқытудың
міндеттеріне сай болуы керек. Көркемдік талғамы бар, музыканы сүйетін, оны
жанымен түсінетін, музыкалық өмірге белсене араласатын білімді адам
дайындау міндеттеледі. Сабақта қолданылатын музыкалық материалды талдай
білудің маңызы зор.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі нәзіктігімен,
көркемділігімен адам жанын баурап, олардың мінез құлықтарының
қалыптасуына тікелей әсерін тигізеді. Жасөспірімдерді музыка әлемін түсініп
қабылдауға, талғампаздығын тәрбиелеуге, сезімталдығын қалыптастыруда
білімді, мәдениетті болып өсуіне әсер етуде мектептегі музыка тәрбиесінің
алатын орны ерекше. Егеменді ел болып, ұлттық сана - сезіміміздің оянуы,
тіліміз бен дініміздің қайта жаңғыруы, имандылық мен адамгершілікке деген
қажеттілігін қанағаттандырып отыратын өнерлердің бірі - музыка. Мектептегі
музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі - музыка сабағы. [5]
Музыка тілі - халықтық ортақ ұғым. Мектеп оқушыларының музыкалық
тәрбиесіне мектептегі өтетін ән - күй сабақтары көмектеседі. Ән - күй
сабақтарында оқушылар ұрпақтан - ұрпаққа, ғасырдан - ғасырға келе жатқан
дәстүрлі музыка өнерінің көптеген түрлерімен танысады. Сонымен бірге,
оқушылардың музыкалық тәрбиесіне мектеп қабырғасында өтетін әртүрлі
музыкалық кештер, тәрбие сағаттары, әдеби музыкалық кештер көмектеседі.
Қазіргі таңда оқушылардың музыка мәдениетіне, өнерге қызығушылығын
дамыту, білім беру арқылы жүзеге асыру ерекше орын алып келеді.
Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде дәстүрлі емес әдістердің сапасын
көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі оқушылардың
ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы
өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі - білімнің, шеберлігі ұзақ жолды
қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай өту үшін, балаға тапсырманы
әліне қарай шағымдап, белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Оқытудың негізгі формасы - сыныптық сабақ жүйесі. Сондықтан
педагогикалық оқу үрдісін жетілдіру ісі осы кездегі сабақ теориясын жасауды,
сабақ берудің жаңа технологиясын пайдалануды талап етеді. Өйткені,
сабақтың түрлерін білмей сабақты ұйымдастыру мүмкін емес.
Оқу барысында сабақтың түрін, оның мақсаты және міндетіне сәйкес
таңдап алуға әдіскерлер көмектесіп, алдын - ала қалай өткізу керектігін
11
ойластырады. Әлбетте, сабақтың түрін таңдау күні бұрын күнтізбелік және
күнделікті сабақ жоспарын жасағанда ескеріледі.
Қай сынып, қай сабақта болмасын музыкалық материалдарды оқытқан
кезде музыканың мазмұнын негізге алып, түсінуді, ынта - ықыласты сезімдік
құбылыстарын соған бағыттауы керек. Оқушылардың белсенділігі мен
танымдық іс - әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда
айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай
оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені
мәлім. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
үшін дәстүрлі емес оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған
жөн деп ойлаймыз. Оқу тәрбие әдісін даярлаудың оқушыны жеке тұлға ретінде
қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыруға
бағыттау, білім беруге жеке оқытуды дамыту, көзделу қажет. Осы бағытта
оқушыларға
берілетін
жекелей
тапсырмалардың
үйренушілік,
шығармашылық деңгейімен, оқушы құбылысты өз бетінше талдай келіп,
ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу керек.
Бұл оқушыға жаңалық ашқанмен бірдей болып есептелінеді.
Дәстүрлі емес сабақтардың негізгі мақсаты - оқушылардың танымдық
міндеттерін қалыптастыра білу, олардың шығармашылық қабілеттерін және
музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыру, өнерге, музыкаға деген
құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта дәстүрлі емес әдістерді пайдалана
отырып, балалардың ойлау қабілетін дамытып, ойларын еркін жеткізуге,
ұсыныс - пікірлерін айтқызып, балалардың өздеріне деген сенімдерін
арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Дәстүрлі емес әдіс - тәсілдер
арқылы өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына, оқушының тереңде
жатқан ойын дамытып, олардың ойларын жеткізіп айтуға үйретеді. Негізгі
мақсатымыз оқушыны тәрбиелей отырып, олардың шығармашылық
қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерінің маңызын ашу.
Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Сабақ жас өспірімдердің
интеллектуалды өмірінде құр ғана сабақ болып қоймай, ол қызықты болуы
керек», - деген. Сонымен қатар, қызықты сабақтар мұғалімнің ашқан
жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, мақсат - мұраты. Мұның
барлығы оқушының шығармашылық дамуының қайнар көзі.
Оқушылардың музыкалық танымдық деңгейде қабылдау қабілетін
ұдайы дамыту үшін, мұғалім олардың музыкалық қалауын, түйсіну деңгейін,
сезімдік - қабылдау дәрежесін жете білуі шарт. Бұл мәселені сабақ үстінде
сұрақ қою арқылы анықтауға болады. Міне, осы секілді әдіс - тәсілдер мен
материалдар қазіргі таңдағы оқушылардың музыкалық қабілетін дамытуда,
олардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығын қалыптастыруда аса бай
тәжірибе жинақтауға мүмкіндік туғызады.
Мұғалімнің өмір тәжірибесі, күнделікті сабақта пайдаланып жүрген
әдістемелері, шығармашылық қызығушылығын арттыруға, жеке тұлғаның
рухани дамуын тәрбиелеуге көмектеседі. Жалпы оқушылардың музыкалық
дамуында музыканы тыңдатудың үлкен маңызы бар. Балалардың қаншалықты
12
музыканы қабылдай алу дәрежесі мұғалімнің шеберлігіне және сабақта
әдістемелерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Сабақта танысатын
шығармаларда көркемдік құндылығымен сезімге әсер ететін айқын бейнелігі
ескерілуі керек. Мұғалім оқушыларға білім беріп қана қоймай, сол алатын
білімдері арқылы тәрбие жұмысын жүзеге асырады. Сабақ қызықты өту үшін
мұғалім жан - жақты әдіс - тәсілдерге бай, түсінікті болуын қадағалап,
үйрететін музыкалық шығармалардың құндылығын ескеруі қажет. Кез келген оқу құралы осы кешенге сәйкес келуі қажет, сондай - ақ құрастыру
кезінде бекітілген әдістемелік идеяларға нұқсан келмеуі қажет.
Дәстүрлі емес әдістермен жұмыс істеудің бірнеше нысандары бар:
- лекциялар, семинар сабақтарындағы баяндамалар;
- жазба жұмыстары, сабақтың жоспары, тақырыптық мақалалар.
Оқушыларды дәстүрлі емес әдістерге сүйене отырып оқыту барысында
мұғалімнің ғылыми, тарихи құжаттарға жүгінуіне тура келеді. Оқушылардың
іс - әрекетін ұйымдастыру эстетикалық іс - әрекетпен шығармашылыққа деген
қажеттілік және белсенді қызығушылық, музыкалық іс - әрекеттерді
ұйымдастыру өнермен байланысы, конференциялар, байқаулар, күнделіктер,
газеттер, экскурсиялар жатады.
Болашақ музыка мұғалімдерінің дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерін
қолданудағы кәсіби біліктілігін қалыптастыру барысында былайша
қорытынды жасауға болады. Кәсіби музыкалық білім беру саласында
оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру, болашақ музыка
пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасап,
негізін құрайды. Болашақ музыка пәні мұғалімдерінің дәстүрлі емес сабақ
түрлерін қолдану барысында кәсіби біліктілігін қалыптастыру әдістемесі
болып табылады.
Балалар бойындағы қасиеттерін, музыкаға деген құлшынысын,
қабілеттерін, азаматтық сезімдерін оятуда музыка пәнінің мұғалімі сияқты
ешқандай педагогикалық мамандық жан-жақты алуан түрлі әдістемелік
тәсілдерді талап етпейді. Басқа ешқандай мамандық өз елін, оның табиғатын,
халқын жырлайтын әндер, концерттер түріндегі бай материалдарды бермейді.
Сондықтан жалпы музыкалық мәдениетпен таныстыруда музыка арқылы
танымдарын арттырады.
Мұғалімнің берген әрбір білімі әсерлі, тартымды, бағдарламаға сай,
жоғары сапада өткізіліп, сабақтың әрбір уақытын тиімді пайдаланып, ұтымды,
маңызды етіп өткізудің жолдарын қарастыруымыз қажет.
13
ІІ
ТАРАУ.
БАСТАУЫШ
СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУДАҒЫ МУЗЫКА ПӘНІ
БОЙЫНША САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Музыка сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін
инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыту
Қазіргі кезеңдердегі елімізде оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге
байланысты білім берудің жаңа жүйесі жандана түсуде. Мемлекетіміздің
болашағы - оның ұрпағы десек, мәдениетіміз, тіліміз және салт-дәстүріміздің
қадір-қасиетінің артуы сол жас жеткіншектердің сана-сезімі болып табылады.
Сондықтан, келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде музыка
мұғалімдерінің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Білім берудің мазмұны да жаңарып, жаңа
көзқарас пайда болуда.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.
Заман алға жылжып, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін
қалыптастыру өмір талабына айналуда. Бүгінгі жас ұстаздарға қойылып
отырған таңдау, мақсат та жоғары. Бала тәрбиесі - қоғамның азаматын даярлау
жолындағы абыройлы іс. Өйткені, жаңалықты ашатын да, табиғатқа қожалық
етіп, музыка өнері атты ұлы мұра игілігіне ие болатын да халық және оның жас
ұрпағы.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама
берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс
деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы
ұсынады. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: “Инновация
- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация –
арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын,
шешімдерін күтеміз», – дейді.
Ғалым Н.Нұрахметов оқытудың инновациялық технологияларының
түрлерін мынадай топтарға бөледі: білім мазмұнындағы инновация; оқутәрбие үдерісінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және
құралдарындағы инновация; оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудағы
инновация; білім беру мекемесін басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңашылдық – нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру
үдерісі.Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының
қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан
да, әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке,
ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа
тәрбиелеуді
жүзеге
асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс
жасалуы қажет. Өйткені, оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
14
технологияны ендіруді міндеттейді. Қазіргі кезеңдерде оқытушылар
инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана
отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Музыка
мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері:
- педагогикалық еңбектің тиімділігі;
- оқу-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушы педагогикалық талаптары
мен бағыттарының бірлігі;
- жеке тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасуы;
- мұғалім беделінің өсуі;
- оқушылардың материалды талдау, зерттей білу әдіс-тәсіліне үйренуі;
- оқу мен тәрбие үдерісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет
үлгісіндегі ашылулары.
Музыка мұғалімінің инновациялық іс-әрекетінің көрсеткіштері:
- педагогикалық еңбектің тиімділігі;
- оқу-тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен оқушы педагогикалық талаптары
мен бағыттарының бірлігі;
- жеке тұлғаның шығармашылық қасиетінің қалыптасуы;
- мұғалім беделінің өсуі;
- оқушылардың материалды талдау, зерттей білу әдіс-тәсіліне үйренуі;
- оқу мен тәрбие үдерісінде зерттеу тәсілінің педагогикалық қызмет
үлгісіндегі ашылулары.
Инновациялық технологияларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде
қолдануда оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескере
отыра, қазіргі таңда белгілі бірнеше технологиялардың ішінен балалардың
танымдық, шығармашылық қабілеттеріне сай жоспарлап, ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде тиімді пайдалана білу қажет.
Ал, жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық
деп үш түрге бөлуге болады:
• Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен,
түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған
тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола
алады.
• Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі
әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі
кездегі әдістемесі дәлел.
• Радикалдық инновация – білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу
жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді,
параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін
қалыптастырады.
Қазіргі көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кезкелген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің
әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген
жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан, әртүрлі оқыту
технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара
15
психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың
маңызы зор. Ғылыми - педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып
табылған оқыту үдерісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне
жаңашыл, инновациялық болып табылады.
Музыка сабақтарында оқушы қызметін белсенді ұйымдастыру
жолдарының бірі ретінде педагогикалық технологиялар түрі - деңгейлік
саралау технологиясы элементін қолдануға болады. Жалпы алғанда, деңгейлеп
оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу
материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
Бұл технологияны пайдалану: 1) әр оқушыға өз мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2)
музыкалық қабілеті әртүрлі балалармен саралап жұмыс жасауға мүмкіндік
береді. "Оңайдан-қиынға" негізімен жеке тұлғаның даму ерекшеліктеріне
қарай тапсырмаларды деңгейлеп-саралап оқыту құрылымымен қарапайым
түрдегі түсіндіруден, өзіндік талдау-зерттеуге жетелей білімді игеруді
күрделендіре түсу қажет.
Сабақ мазмұнын ашу, түсіндірудегі әдіс-тәсілдеріне, сабақтың
нәтижелігіне музыка мұғалімі аса көңіл бөлуі тиіс. Оқушыларды әртүрлі
деңгейлік тапсырмалар беру арқылы өз бетінше жұмыстануға жетелеп,
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мысалы, ғалым Ж.Қараевтың
деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдалану оқушылардың өздік жұмысын
ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын
орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап,
диагностикалауға қол жеткізеді. Ж.Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы бойынша шығармашылық деңгей - оқушының таза өзіндік
шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық
ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Оқушылардың
шығармашылық
қабілеттерін,
танымдық
белсенділіктерін жан-жақты дамыту мақсатына көп көңіл бөлінеді. Мұндағы
музыка мұғалімінің басты ұстанар міндет-мақсаты - халықтың өз бейнесін
ашатын салт-дәстүр, әдет-ғұрпына тәрбиелеу, халқымыздың тарихы, әдебиеті
мен мәдениетінен пәнаралық байланыста мағлұмат беру.
Деңгейлеп оқыту оқушының белсенділігін оятады. Мысалы, 3сыныптағы музыка сабағында І деңгей: нота дегеніміз не, нота атаулары,
негізгі жеті ноталардың сызықта орналасуы деген тапсырмалар беру арқылы
оқушылардың елестету, есте сақтау белсенділігін арттырып, білімдерін
дамыта түсу көзделеді. Қосымша проблемалық сұрақтар беріледі: неге соль
нотасы бірінші сызықта жазылмайды? До нотасынан кейін қандай нота, неге?
Осылайша қарапайым тапсырмалармен оқушылардың ойлау қабілетін
дамытуға болады. ІІ деңгейде тапсырмаларды қиындата түсіп, ІІІ деңгейде
өтілген материалды қорытындылау бағытында Венн диаграммасын
пайдалануға болады. До немесе Соль ноталарының айырмашылығы және
ортақтығы және т.с.с. Әрине, сабақта интерактивті тақтаның мүмкіншілігін
пайдалана білген дұрыс. Бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтыратын, барлық
16
қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, сабақта оқушының қатыспай
қалуы мүмкін болмайтын оқыту үдерісін ұйымдастыру болып табылады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мазмұны мен әдістерінің
ерекшеліктері:
• Білім мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт көлемінде
оқыту мақсаты;
• Білім Заңы талаптары мен білім тұжырымдамасына сәйкес
заңдылықтарға сай оқыту;
• Жеке сыныптар мен оқу топтары бағдарламалары негізінде жүзеге
асыру;
• Барлық оқушыны нақты білімге жетелеу үшін олардың
мүмкіндіктеріне сай үйрету, іздендіру.
Музыка пәні – шығармашылық пән. Ең бастысы, музыка пәнінен әр
құрылымдағы бағдарламаларды тиімді пайдалана отыра, ұлттық музыкалық
мұраларымызды жаңа технологиялар негізімен жас ұрпақ санасына жеткізу,
қызығушылықтарын арттыру болып отыр.
Музыка сабақтарындағы «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісін
қолдану арқылы дәстүрлі емес (шығармашылық) сабақ үлгісінен мысал
келтіре кетсек. Сабақ тақырыбын оқушылардың өздері табуы,
қызығушылықтарын ояту мақсатымен музыка әуені үнтаспадан тыңдатуға
болады. Оқушылар жауаптарын тыңдай отырып, үйлену тойы туралы
сабақтың тақырыбы ашылады.
Мағынаны тану: яғни, той деген үлкен жиын екенін, белгілі бір
мейрамдар, мерейлі туған күндер, шілдехана тойы, үйлену тойы және т.б.
болып бөлінетінін қайталайды. Сабақтың мақсаты халық әуендері, халық
композиторларының әндері мен (халық әні "Жиырма бес", "Сыңсу", "ЖарЖар", Ыбырайдың әні "Гакку", Мұхиттың әні "Дүние-ай" және т.б.) ұлттық
опера (Е.Брусиловский "Қыз Жібек", М.Төлебаев «Біржан - Сара») әуені
байланыса, интерактивті тақта, слайдтар пайдалану арқылы қазақтың салтдәстүрі туралы түсінік беріліп және бүгінгі күндегі жалғасын табуымен
байланыстырып оқушылардың білімдерін тереңдету.
Музыка тыңдатуға "Біржан-Сара" операсынан салт-дәстүр әуендерін, ән
үйретуге "Жар-Жар" халық әнін алуға болады.
Ой толғаныс сәтінде балалардың өз ойларын тиянақтап, айта білулері
үшін топпен жұмыс жүргізу тиімдірек.
Мысалы, І топ: Бата беру. (Босаға, кереге, биік, кең, болсын – тірек
сөздерін пайдалана бата беру сөйлемін құрастыру;
ІІ топ: Қазақтың салт-дәстүрі - эссе жазу;
ІІІ топ: Берілген бір жағдаяттан шығу жолдарын табу.
Әрине, топ атауларын, тапсырмаларды сынып оқушыларының
қабілетіне қарай өзгертуге болады. Ең бастысы - ата-бабаларымыздан қалған
өнерімізді, салт-дәстүрімізді қастерлеу, әрі қарай жалғастыру бағытында
жұмыстану. Оқушылардың ойларын жинақтау үшін уақыт беру, жауаптарын
балалармен бірге талдау. Оқушылардың меңгерген білімдерін тексеру,
17
жүйелеу бағытында сыни ойлау, шешімдер табу мәселесі бойынша балалар
өзара пікір алысады, сұхбат жүргізе алады, түрлі ақпараттарды табады.
Әлемдік оқу үдерісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір
технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді
музыка мұғалімі ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай
іріктеп қолданады.
Мысалы, модульдік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту,
шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар,
музыкалық терминдер арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта ісәрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық ісәрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, қорытынды
сынақ жүргізу.
Музыка сабағында заман ағымына сай шығармашылық жұмыс
барысында компьютерді қолдану оқушыға не береді?
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі
түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары
жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы
ретінде ерекшеленеді.
3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал
бола білуі. Яғни, білімге ұмтылушы адам ол арқылы қатысымның барлық
түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, музыка
тыңдау әрекеттері.
4. Компьютердің көмегімен әртүрлі тапсырмаларды аз уақытта орындау
мүмкіншілігі туындайды.
Мысалы, Finale бағдарламасымен өтілетін әннің нотасын жазып, әуенін
тыңдату және қосылып орындауға болады.
Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай,
олардың бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып,
шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Тиімді әдістердің бірі электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Компьютермен өткізілген әрбір
сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді.
Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, білімін
көтеруге ұмтылады.
Бейне баяннан тыңдалатын музыка оқушының сезімін, ой-түйсігін
дамытады. Тыңдалған музыка бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені,
оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін музыканы ынтамен тыңдап, мазмұнын
түсінуге тырысады. Бейнематериалдарды сабақтарда оқу материалы ретінде
тиімді енгізу сабақтың сапасын арттырады.
Бұған әсер ететін жағдайлар мынандай:
- есту және көзбен байқау арқылы қабылдауда оқушының түсінігіне жанжақты мүмкіндік беру;
18
- оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейнематериалды
жүргізудің нәтижесінде қамтылады;
- оқушының қызығушылығын арттыру, көркемдік және эмоционалдық
сипаттарды тудыру. Бейнекөріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін
негіздер;
- бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы
керек;
- бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас
болуы шарт.
Мысалы, 2 сыныптың ІІІ тоқсанында музыка пәнінен "Квартет"
тақырыбын түсіндіруде вокалды, аспаптық квартетті түсіндірумен қатар,
бейне баянды, үнтаспаны тиімді пайдалану керек.
Жалпы алғанда, оқушылардың музыка пәніне деген қызығушылықтарын
тудырып, білімін тереңдетудің үш шарты деп:
а) пәннің мазмұнын
ә) оқыту тәсілдерін
б) мұғалімнің іс-әрекетіндегі шеберлігін айтуға болады.
Музыка мұғалімінің сан қырлы жұмысы сабақтарды және сыныптан тыс
шараларды қызықты өткізу және музыкалық шығармаларды шебер орындау,
шығармашылық үдерістің тұтастығы, жеке тұлғаның шығармашылық
мүмкіндігін дамытумен тығыз байланысты.
Шығармашылық деген нені білдіреді? Өзін дамыту, пайдалану адамның
интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай
әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта,
ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі,
табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады.
Денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам
өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Шығармашылық – өзінің
жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік
жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің
болуы.
Музыка мұғалімінің қызметін шығармашылыққа жатқызуға бола ма? Иә,
әрине болады. Музыка мұғалімінің шығармашылық қызметін шығармашылық
үрдістегі жалпы педагогикалық қызметінен тыс деп қарауға болмайды. Бұл
сұрақтарға келесі бір жүйе арқылы жауап беруге болады:
- шығармашылықтың жалпы сұрақтары;
- мұғалімнің шығармашылығы, оқыту үдерісінің жетекшісі ретінде
көрінеді;
- мұғалімнің аспапта орындаушылық шеберлігі мен зерттеу жұмысы; мұғалімнің оқушылармен шығармашылық қарым-қатынасы және т.б.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе
мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты
екені айдан анық. Оқушылар ән айтқан кезде әрі қарай алып кететіндей
орындаушылық өнері шебер болу керек.
19
Шығармашылық үдеріс екі жақты болып келеді: бір жағынан, осының
негізінде оқушылардың шығармашылық қызметі пайда болады. Екінші
жағынан, мұғалімнің орындаушылық шеберлігі педагогикалық түрлендіруге
негіз болады.
Музыка мұғалімінің шығармашылығын айтқан кезде оның қызметінің
басқа жағынан да қарастырған жөн. Себебі, музыка-эстетикалық тәрбиелеу
жұмысы музыкалық шығармаларды үйретумен байланысты. Музыка
мұғалімінің қызметі сол шығарманың мазмұнын білумен қатар, оны сезініп
орындай білу керек. Музыкант-педагогтың мақсаты оқушының ой, сезім
ағымдары арқылы шығармашылық қызметті дамыту. Музыка —
педагогикалық шығармашылықтың, құрамды бөлігі есебінде жеке
инновациялық қызмет музыкант-педагогтың кәсіби өсуі, тұрақты өзін- өзі
жетілдіруі, озық тәжірибелерді зерделеп, игеруі бойынша шығармашылықпен
өзінің жауапкершілік сезімін арттырады.
Білім берудің сапалануы, бәсекелестікке лайықты болуы, педагогикалық
әлемде жаңа кұндылықтарды қалыптастыру, қарым-қатынастың жаңа,
жетілдірілген музыкалық мәдениетін көтеріп, қоғамдағы рөлін дамуын
арттырады.
Оқушыларда танымдық қызығушылықты қалыптастыру, олардың
шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Оқушылардың
шығармашылық көрінісі белсенді және біртіндеп белсенділік сипат алу үшін
мұғалімге қажет: оқушылардың ассоциациялық ойларын дамыту мақсатында
өнердің басқа түрлерімен байланыстыру; кез-келген жағдайда әуенді
түрлендіре білу; сабақта шығармашылық белсенділікті арттыру мақсатында
жұмыстың алуан түрлерін қолдану арқылы қызықтыру; әртүрлі
шығармашылық тапсырмалар беру; белгілі бір сабақтың басты мәселесіне
сүйене отырып, түрлі шығармашылық қызметті қолдану. Мұғалімнің
шығармашылық ізденісінің негізі - оқушылардың қабілетін ескере отырып,
олардың шығармашылық белсенділігін арттыру болып табылады.
Музыка сабағында шығармашылық қабілетті дамытудың әдістері сан
түрлі. Оны әр сабақтың тапсырма орындату бөлімдерінен байқауға болады.
Мысалы, орта буын сынып оқушыларының жұмыс түрі – жеке тапсырма,
топтық тапсырмалар; жан-жақты тапсырмалар – олар өз бетінше тыңдап
жүрген күндегі музыкалық шығармаларды талдап беру. Салыстыру
дағдылары, талдау жасау, шешім шығару бақылау, логикалық байланыстар
жасау т.б. жаңа материалдарды игеру барысында жүйелеу, оқу материалдарын
пысықтау, қайталау кезінде пайда болады және жетілдіріледі.
Шығармашылық қабілетті дамыту үшін жас ерекшеліктерін ескеру
қажет.
Музыка мұғалімі өзінің іс-әрекеті арқылы оқушысын шығармашылыққа
жетелейді, олардың өздері жаңаша ойлауға қалыптасады, бұрын мәлім емес
нәрсені өз бетінше іздеп табуымен де құнды.
Оқушы шығармашылығының тағы бір түрі - ең бір қарапайым әуенді өз
еркімен әуенге салып айтуынан, берілген текстке әуен өңдеуінен музыка
20
әуенімен мәнерлі қимылынан көрініп басталуы әбден мүмкін сол сияқты
тыңдаған музыкаға баға беруінен әнді өз өңдеуі бойынша орындай білуінен де
байқалады. Шығармашылықтың басталуы оқушылардың музыкаға
құмарлығын тереңдетуге тиіс.
Композитор, педагог П.И. Чайковский педагог-музыкант жұмысында ең
маңызды нәрсе - шығармашылық бастама деп таниды. Ол тек қана нота
жазбасын және шартты белгілерін ғана оқып-үйрену емес, сонымен бірге
«түсіну», «терең сезіну» және шығарманың көңіл-күйін бере білу дағдысын
жоғары бағалайды.
Қазақтың халық әуендерін классикалық музыкамен ұштастыра,
шығармашылықпен тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне
қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Негізгі
міндеті - ақпараттық-коммуникациялық технологияны терең меңгерген, өз
Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, музыкалық қабілеті
дамыған, жан-жақты жетілген жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
2.2 Оқушылардың музыкалық
қолданылатын әдіс-тәсілдер
шығармашылығын
жетілдіруде
Жастарға музыкалық-эстетикалық тәрбие беруде музыка сабағымен
қатар сабақтан тыс мезгілдегі оқушылар сарайының жанындағы көркемөнер
үйірмелері, мектеп жанындағы оқушылардың хоры, оркестрі, музыка сауатын
үйрететін үйірме, жеке музыкалық аспапты ойнауды үйрететін пианино,
домбыра, қобыз, баян, аккордеон, саз сырнай, шаң қобыз, т.б. үйрететін
үйірмелердің маңызы өте зор.
Орта және тоғыз жылдық мектептерде төменгі сынып оқушыларының
хорын жеке өткізген дұрыс.
Мектеп қабырғасында, оқушылар сарайында, үй басқармаларының
жанында ұйымдасқан музыкалық үйірмелер жұмысын үнемі қадағалап қарап,
оның жұмысын музыка мұғалімі, мектеп басшылары, ата-аналар болып
жандандыра түсу керек, оған бағыт беріп отырса, олар өздерінің көздеген
мақсатына жете алады. Қазіргі кезде көптеген музыка сабағының мұғалімі
әйтеуір бір музыкалық аспапты ойнай алатындар. Олар арнаулы музыкалық
оқу орындарын бітіргендер. Келешекте осындай маман адамдар көбейе
бермек.
Музыка сабағының мұғалімі өз сабағын жүргізумен қатар, ол сол мектеп
аймағының музыка, өнер саласының барынша дамуына ат салысатын білімді
тұлға болуын бүгінгі өмір талап етіп отыр. үйренетін үйірмелерді мектеп
басшыларымен келісі отырып ұйымдастырғаны пайдалы. Сол себепті, ол түрлі
музыкалық аспаптар ойнауды мына төмендегі оқу жоспарымен сабақ жүргізіп,
оқу жүйесі бір тәртіпке келтірілген жөн.
21
Музыкалық аспаптарда (домбыра, жетіген, қобыз, шертер, сырнай,
скрипка, виолончель, труба, пианино, баян, кларнет, гитар т.б.) ойнап үйрену
үйірмесінің үлгі оқу жоспары.
№
1
2
3
4
Сабақтың аттары
Мамандық
Сольфеджио
Музыкалық әдебиет
Барлығы
Апталық сағат
саны
2
1
1
4
Қанша апталық
34
34
34
34
Жылдық
сағат саны
68
34
34
136
Балалар оркестрінің үлгі оқу-жоспары
№
1
2
3
4
№
1
2
3
4
Сабақтың аттары
Апталық
Қанша
Жылдық
сағат саны
апталық
сағат саны
Оркестр
2
34
68
Сольфеджио, хор
1
34
34
Музыкалық аспаптың бір түрі
0,5
34
34
Барлығы
3,5
34
119
Балалар, хор үйірмесінің, студияларының үлгі оқу-жоспары
Сабақтың аттары
Хор
Сольфеджио, хор
Музыкалық аспаптың бір түрі
Барлығы
Апталық
сағат саны
2
1
0,5
3,5
Қанша
апталық
34
34
34
34
Жылдық
сағат саны
68
68
34
119
Бұл қазіргі кезде, 1967 жылдан бастап Халыққа білім беру
министрлігінің шешімі бойынша республикамыздың жүздеген мектептерінде
практикалық шешім тауып, іс жүзінде қолданылуда.
«Пионерия» деген ат алған Ресейдің ең алғашқы балалар хор студиясы
1959 жылы мектеп хорының негізінде ұйымдасты. Қазір ол Москва
жанындағы Железнодорожный қаласының оқушылар үйінде жұмыс істейді.
Онда 400-дей оқушылар қамтылған.
Студияда музыкалық білім бергенде негізінде хор сабағын музыкалықтеориялық сабақтарымен бірлестікте жүргізеді және белгілі бір музыка
аспабында ойнатуға үйретеді (фортепиано, скрипка, баян, аккордеон, т.б.).
Барлық сабақ бірімен-бірі тығыз байланыста. Студияда оқу мерзімі 7 жыл,
дайындық классымен 3 жыл. Оқушылар хор студиясын бітіргеннен кейін
музыка училищелеріне түсуге жолдама алады. Хор студиясында тәрбиеленген
көптеген балалар музыка училищелерінің дирижерлық-хор, теория және түрлі
аспаптар бөлімдерінде, педагогика институттарының музыка бөлімдерінде
білімдерін жақсы көрсетіп жүр. Кейбіреулері мектептерде, мәдениет үйінде,
22
оқушылар үйінде музыка мұғалімдері, балалар коллективтерінің жетекшілері
болып қызмет атқаруда – деп жазды оны ұйымдастырушы Г.Струве.
Хор студияларында оқыту баспалдақтар бойынша жүргізіледі. Әр
баспалдақтың өзіне тән айқын жоспары, өздеріне ыңғайлы шығармалары бар.
Барлық хор төмендегі, орта баспалдақтардан өтіп, хорда орындаушылық
қабілеті қалыптасқаннан кейін балалар ең жоғарғы хор баспалдағы - үлкен
хорға ауысады.
Өз репертуарына күрделі шығармалар енгізе алатын жоғарғы хор тек
осылай баланың әншілік және есту қабілетін біртіндеп жүйелі түрде дамыту
негізінде ғана жетістікке жете аласың – деп көрсетеді Г.Струве.
Бастауыш мектеп оқушыларын түрлі көркемөнер үйірмелеріне тарту
үшін, ең әуелі олардың музыкаға деген бейімділігін, дауыс қабілетін,
музыкалық ырғағын тексеріп алған жөн. Себебі, домбыра, пианино, баян,
оркестрге, т.б. үйірмелерге қатысам деген оқушылар көп болады да, олардың
барлығын бірден қамту өте қиынға соғады. Сондықтан үйірменің жұмысы
нәтижелі болу үшін оған музыкаға қабілеті күшті және оқу үлгерімі жақсы
балаларды алған жөн дей отырып, әр баланы өнердің әр саласымен қамту, бір
музыка аспабын ойнап, хорда айтуды үйрену керектігін өмірдің өскелең
талабы деп білеміз.
Балалардың музыкалық қабілетін тексеру үшін мына төмендегі
талаптарды қойса жеткілікті:
1. Балалардың дауыс қабілетін тыңдағанда олар жоғары биіктіктегі
ноталарды қиналмай айтып беруі керек.
Көрсетілген мысалдарды екі-үш рет қайталап, тыңдатқан соң, жеке-жеке
дауыстап айтып беруді, әуенге дауысты қоса білу, әр түрлі ырғақты нақты
қолмен соғып дауыстап «ля», «та» деп орындап беруді талап ету керек.
Осы мелодиялардың ырғағын тыңдап болған соң, өздері бұлжытпай
алақандарымен соғып беруі керек.
Музыкалық аспапта ойнап үйренетін балалардың музыкалық
қабілеттерінің жайы туралы тізім.
№
Фамилиясы
№
мен аты
1
--------------
Қай
сыныпта
оқиды
3
Музыканы есте МузыкаКомиссия
сақтау қабілеті
ырғақты соғу ның
қабілеті
шешімі
4
5
қабылдан
сын
Бұл үйірмелердің құрал-жабдықтары ата-аналардың қаражатымен
қамтамасыз етіледі. Ата-аналар комитеті құрылып, үйірменің жұмысына
көмектесіп отыруы қажет. Жалпы басшылық мектеп, оқушылар сарайы, үй
басқармаларының басшылығының басқаруымен жүргізіліп, ата-аналардың
алдында оқушылар жылына екі рет концерт беруі тиіс.
Мектеп оқушыларының көркемөнер үйірмелері әрдайым оқушылардың,
ата-аналардың алдына шығып, өздерінің өнерін көрсеткені өте пайдалы.
23
Оқушы балаларының сахнаға шығып өнер көрсетуі балаларды батылдыққа,
жинақылыққа баулып, оларды тәртіпке салып, ойларын, өнерін ұштай түседі,
балалардың дарындылығын байқатады. Музыка сабағының үстінде, онан тыс
мезгілде үйренген әндерді, музыкалардың үстінде, одан тыс мезгілде үйренген
әндерді, музыкаларды сабақтан тыс уақытта тақырыптық кеш, мейрам өткізуді
балаларды өте қызықтырып, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Жылдың әр
маусымына байланысты көктем, жаз, май, күз, қыс, жан-жануарлар, құстар
туралы, «бақытты балалық шақ», «оқушылар әнін жырлаймыз»,
«халқымыздың тілін, ата-ананы, ән-күй мәдениетін білгім келеді» т.б. атты
тақырыпты музыкалық кештер, мейрамдар өткізіп, ол кеште басқа сыныптың,
мектептің оқушыларын шақыратын болса, ол жұмыстың тәрбиеліэстетикалық мәні зор болмақ. Мұндай музыкалық мейрамдарды әр тоқсан
сайын бірнеше сыныптың балалары қосылып өткізіп тұрғаны жөн. Музыкалық
мейрамдар мен кештерге қатысушы оқушылардың музыкалық қабілетін одан
ары дамытуға, әлем туралы білімін тереңдетіп, биік мәдениетке тәрбиелейді.
Жастарды ұйымдасқан түрде концертке, театрға, түрлі мәдени
мекемелерге, музейлерге апару олардың өмірге деген көзқарасын кеңейтіп,
өнерге деген құмарлығын арттырады. Одан басқа оқушылармен еңбек, әскер
қайраткерлерін, әншілерді, терме-жыршыларды кездестіруді немесе олар
туралы әңгіме, баяндамаларды әрдайым ұйымдастырып тұрудың мәні зор.
Мектеп қабырғасынан тыс мезгілде оқушылармен музыкалықэстетикалық тәлім-тәрбие жүргізуде баспадан шыққан оқу-тәрбиелік маңызы
бар әдебиеттердің, көмекші құралдың республикамызда өте аз екендігіне
тоқтала келіп, бұл туралы «Мектеп» баспасынан 1968 жылы жарық көрген
С.Безкорновайный мен А.Жұмабаевтардың «Мектепте өткізілетін тарихиәдеби кештер» атты кітапшасының қазақ мектептері үшін табылмайтын
көмекші құралы екендігін айтпақпыз. Бұл кітапшаның орнына сай негізінен
алты тарихи-әдеби кештерді өткізу жағы қамтылған. Дегенмен, әрбір кештерде
ән, хор музыка елеулі орын алып отырады. Авторлар әр-әр тақырыпқа сай
әндерді, хорларды, музыкаларды орынды етіп құрастырған. Біздің
байқағанымыз мектеп өмірінде өтетін қандай кеш болмасын, олардың
барлығында да музыкасыз кештер ұйымдастырылмағанын көре алмадық.
Сондықтан біз мектеп өмірінде пайдаланып өткізілетін сабақтардан тыс түрлі
кештерде музыка соңғы орын алмай, жетекші роль атқаратынын байқадық.
Көрсетілген көмекші құралда авторлар берілген музыкалардың авторларын,
сөздерін ғана беріп, әннің музыкалы–нота тексттерін бермегені, кітапшаны
пайдалану құнын аздап болса төмендетіп тұрған секілді.
…Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын
жай ғана өткізумен емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін,
сондай-ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып
табылады.
Мектепте музыкалық тәрбие берудің басты міндеті – оқушыларды
музыканы дұрыс тыңдап, түсінуге және оны әсерлі орындай білуге баулу.
Орындаушылық шеберлікті шыңдау ән-хор дағдыларын жүйелі түрде жолға
24
қоя білумен тығыз байланысты. Сабақта ән салу дағдыларын негізінен
жаттығулар айтқандай үйренеміз де, ал ән үйрену кезінде оларды пысықтап
қайталау арқылы есте қалдыруды көздейміз.
Хор жетекшілерінің назарына тәжірибеде кең тараған кейбір
жаттығуларды ұсынамыз.
Ән айту жаттығулары негізінде мына төмендегі бағыттарда
қолданылады:
а) жаттығулар жасап, дауысты ән айтуға дайындау;
ә) дауыс шымылдығын қыздыру, шеберлікті шыңдап, вокалды-хор
техникасын меңгеру;
б) оқушылардың назарын дайындық кезінде шешілуге тиісті көптеген
маңызды, әрі түйінді мәселелерге бағыттап, олардың ынтасын арттыру.
Төменгі сынып оқушыларының дауыс аумағы (диапазоны) өте кең емес:
1, 2-сынып – бірінші октаваның до-си ноталар аралығы;
3-сынып – бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның до нотасы
аралығы;
4-сынып – бірінші октаваның до нотасы мен екінші октаваның ре нотасы
аралығы.
Сондықтан жаттығуларды да, репертуарды да балалардың дауыс
мүмкіндіктерін ескере отырып таңдаймыз. Оларды тамағына күш түсірмей,
әнді айқайламай айтуға дағдыландыру керек. Осыған байланысты жаттығулар
дауыс еркін жететін дыбыс аумағында (примерная зона) жүргізіледі.
Ән айту кезінде ең басты назар аударатын нәрсе – дұрыс тыныс ала білу.
Оқушыларды дұрыс тыныс алудың негізгі үш ережесімен таныстырамыз:
1. Дем өте қысқа, әрі жылдам, жеңіл ғана алынады;
2. Тыныс ала салысымен бір сәт тына қалып, демді айқындап, әнді
барлық бала бір мезетте бастауы керек;
3. Ән айтқан кезде ауа легін асықпай біртіндеп, әрі біркелкі шығарып
отыру қажет.
Демнің ережеге сай өте жеңіл, қысқа болуын және дем алған кезде
иықтың көтерілмеуін қадағалаймыз. Ал ыңылпап жабық ауызбен айту үннің
жинақы және нақтылы шығуына көмектеседі. Алайда бұл әдісті дұрыс
орындай білу қажет: еріндер бір-біріне сәл ғана жанасып, ал астыңғы және
үстіңгі тістер мүлдем жақындаспай тұруы тиіс. Көмекей ашық (сәл
есінегендей), таңдай көтеріңкі келіп, ауызда кішкентай бар сияқты әсер болуы
керек. Сонда дыбыс еркін, әрі жарқындау шығады. Бұл жаттығулар тамақты
қысып айтатын жағымсыз әдеттен арылуға себін тигізеді.
Оқушыларға үйретілетін келесі негізгі дағды - әгдә дыбыс сарынын
үзбей, үнемі жалғастыра, ұластыра әдемі үнмен айта білу. Ол үшін ән өлеңінде
кездесетін дауысты дыбыстарды дұрыс қалыптастыра білудің маңызы зор.
Мысалы, «ә», «е», «і», «а», «я» сияқты езулік ашық дауысты дыбыстарды
ерінді шеңберлей жинақылап, жабыңқы үнмен айту талап етіледі. Оларды
орындаған кезде еріннің дөңгеленуі, иектің төмен түсіп, таңдайдың жоғары
көтерілу мөлшері, көмекейдің ашылу кеңдігің барлық орындаушыларға бірдей
25
болып келуі вокалды-хор дикциясының басты шарты. Осы шартты
орындағанда ғана әншілердің үндері бірігіп, таза унисон болып шығады.
Әнде дауыстылар мен қатар дауыссыз дыбыстарды да дұрыс айта білу
талап етіледі. Ол үшін дауыстау мүшелерінің жұмысын жақсартатын, атап
айтқанда ерінге, тілдің ұшына және таңдайға әсер ететін жаттығулар пайдалы.
Жылдам екпінде орындала тын әндердің үзіндісін де осы мақсатта жаттығу
ретінде пайдалануға болады. Әсіресе тез айтылатын әндерді айту тиімді.
Осылайша жаттығулар айтқызу арқылы бертіндеп балалардың дауыс
аумаған ұлғайтып, оның икемділігі мен жүрдектілігін қалыптастырамыз.
Оқушылар әнді бірде баяулатып, бірде асқақтата шырқай, әр түрлі екпінде
және жылдамдықта орындай алуы тиіс.
Сонымен қатар хор ұжымы біртіндеп көп дауысты ән айтуға да
дайындық жұмысын жүргізуі тиіс.
Канондарды алдымен бір дауысты етіп жаттап, соңынан мұғалім бірінші
дауысты, ал оқушылар екінші дауысты айтып үйренеді. Бұл дағдыға балалар
әбден үйренген соң, оқушыларды екі топқа бөліп, бірінші және екінші
дауыстарды канонмен орындау керек. Екі дауысты айтуға «Көкек» (Кукушка)
немесе «Жаңғырық» (Эхо) ойындарын пайдалануға болады. Мысалы, мұғалім
жеке бір дыбысты немесе қысқа ғана әуенді даусын қатты шығарып әндетеді,
ал хор оны қағып алып, жаңғырық сияқты ақырын қайталап айтады. Екі
дауысты жаттығуларды айтпас бұрын оқушылардың гармониялық есту
қабілетін қалыптастыру қажет. Ол үшін сабақ сайын жаттығулар айтып,
дағдылану жұмыстарын жүргізеді. Осы мақсатта тәжірибеде кең тараған
бірнеше тәсілдер ұсынамыз:
1.
Оқытушы екі дауысты кішігірім әуенді күйсандықта орындап
шыққан соң, оған оқушыларға талдау (екінші дауыс қай бағытта жылжиды?
(жоғары, төмен, бір орында); ол қанша дыбыстан тұрады; басты әуен қай
партияда?) жасалды;
2.
Сүйемелдеу музыкасында басты әуенді қайталамайтын
шығармаларды айтқызу. Әншілер дауысын ақырындата шығарып, сырнайдың
сүйемелдеуін ылғи жақсы естіп отырулары тиіс. Дирижердің көрсету бойынша
хор әннің кез-келген жерінде
тоқтап немесе оны қайта жалғастырып
дағдыланады;
3.
Таныс әндерге қосымша дауыс жасау. Яғни бір дауыс әнді аяғына
дейін айтып шыққанша, екінші дауыс ұзақ нотаны созып тұрады;
4.
Таныс әуенді хорға әр түрлі дыбыстардан бастап айтқызу. Оны
меңгерген соң, хорды екі топ бөлініп, бірінші дауыс әнді бастап кеткен соң,
екінші дауыс дирижердің көрсетуі бойынша оны басқа дыбыстан (квинта,
кварта, терция интервалдарына) бастап айтып, әнді екі дауысқа айналдырады.
Осындай әр түрлі жаттығуларды айтып, репетиция сайын жүйелі түрде
дайындық жүргізу өз нәтижесін береді. Әншілердің құлағына сіңісті болып,
гармониялық есту дағдысы қалыптасқан соң, екі дауысты ән айту хорға еш
қиындық туғызбайтын болады.
26
Бір сабақтың бойында жаттығуларды жиі өзгертіп, немесе әр
репетицияда міндетті түрде жаңа жаттығу үйрену дұрыс емес. Керісінше,
бұрыннан айтылып жүрген хорға жақсы таныс жаттығуларды бірнеше
мақсатта пайдалану тиімді.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру ісі маңызды мәселелердің
бірі болып табылады. Тәлім-тәрбиенің негізгі бөлігі болып табылатын
эстетикалық тәрбиенің жасөспірімдердің әсемдікті түсініп, ұға білуі және
олардың дүниетанымының қалыптасып дамуы жолында атқарар маңызы зор.
Музыка мектептері мен жалпы білім беретін мектептер саласындағы
әуесқой оркестрлер мен ансамбльдердің жұмысы оқушыларды әсемдік
әлеміне жетелеп, оларға эстетикалық тәлім-тәрбие берудің бірден-бір тиімді
тәсілі болып табылады. Сондықтан да бұл жағдай мектептерде әуесқой
оркестрлер мен ансамбльдер үйірмесін батыл түрде ұйымдастырып, оларды
оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстар жүргізу барысында кеңінен
пайдалану қажеттігін тудырады.
Бұл күндері Республикамыздың мәдени-ағарту мекемелері мен
мектептерінде халық аспаптары оркестрімен жұмыс жүргізу жөнінде
айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Сонымен қатар, әуесқой оркестр
ұжымдарын құрудың кейбір мәселелеріне, жеке аспаптарды ойнап үйренуге
арналған жинақтар мен әдістемелік оқу құралдары бар. Бұл орайда халық
шығармашылығының кейбір ерекшеліктеріне, сондай-ақ қазақ халқының
музыкалық аспаптарының шығу тегі мен тарихына арналған Б.Сарыбаевтың
«Қазақтың музыкалық аспаптары» атты кітабын атап өткен жөн.
Қазір Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі музыкалық және жалпы
білім беретін мектептерде орындау мүмкіншіліктері тәп-тәуір әуесқой халық
аспаптары оркестрлері мен ансамбльдері көптеп саналады. Дегенмен де,
үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздар ұжымдарының жұмысын бақылап,
бағыт-бағдар беруде белгілі бір жүйеде жұмыс жүргізбейтін, оқушылардың
жалпы музыкалық ой-өрісінің дамуына жете мән бермейтін жайлары да
кездеседі. Кейбір мектеп оркестрлерінің жетекшілері өздерінің міндетін тек
қана концерттер мен байқауларға репертуар даярлап беру ғана деп ұғынады.
Ал кейбір мектептердегі көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыстарының белгілі
бір мерекеге дайындықтың немесе байқаулар мен олимпиадалардың алдында
ғана жанданып, қызу қолға алатынын өкінішпен айтуға тура келеді.
Жасөспірімдердің
музыкалық-эстеткалық
талғам-талаптарын
дамытудағы ең маңызды фактор болып саналатын мектептегі музыкалық
тәрбие жұмысын тиянақты жолға қоюдағы қиыншылықтар, біріншіден, бұл
саладағы маман кадрлардың жетіспеушілігінен туындаған жай. Соңғы
жылдарға дейін кадр мәселесіне тапшылық көп жерлерде, әсіресе, ауылдарда,
шалғай елді мекендерде айтарлықтай орын алып келгені белгілі және қазірде
бұл мәселе толық шешімін тапты деп айту қиын. Екіншіден, әлі де болса жержерлерде музыкалық тәрбиеге немқұрайлы қарау, жете бағаламау жайттары
байқалады. Мектептегі ән-күй сабақтарына көп жағдайда да оқушылардың да,
олардың ата-аналарының да «қажетсіз пән» деп, көңіл аудармай келгені
27
белгілі. Тіпті қазірдің өзінде де мамандар арасында цифрлы жүйе тұрғанда,
нота үйрету міндетті емес деген теріс ұғым да кездесіп қалады. Алайда, соңғы
жылдары республика мектептерінде бұл бағытта елеулі өзгерістер болып
жатыр. Мектептегі ән-күй сабағы мен музыкалы сауаты жөнінде қазақ тілінде
оқулықтар жарық көрді. Көркемөнерпаздар ұжымдарының жетекшілерін,
мектептегі ән-күй сабақтарының мұғалімдерін даярлау мықтап қолға алынып,
олардың кәсіби шеберліктерін арттыру жолға қойылды.
Мектептерде әуесқой халық аспаптар оркестрлерінің дайындықтарын
ноталық сауат негізінде өткізетін уақыт жеткен тәрізді. Тиянақсыз, негізсіз
білім алу, аспапта ойнау әдістерін атүсті меңгеру үйірме мүшелерінің біліміне,
ойнау шеберлігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, олардың эстетикалық талғамталаптарына да әсерін тигізетінін жетекшілерінің білгені жөн. Мұндай
жағдайға батыл қарсы тұру керек. Өйткені, сабақ өткізуді жеңілдетіп жіберу,
үйірме мүшелеріне аспапты қалай болса солай үйрете салу репертуардың
қарапайымдылығы мен қарабайырлығына әкеп соғатыны анық.
Үйірме жетекшілерінің көркемөнерпаздармен атқарылатын жұмыстың
өзіндік ерекшеліктері мол, қиын да жауапты міндет екенін ескере отырып,
қара дүрсін әуесқой музыканттар тәрбиелеуден және арзан қолды музыка
репертуарын таңдауда аулақ болғаны абзал. үйірме мүшелері оркестрге
қатысу арқылы тиянақты музыкалық білім алып, жақсы ән-күй ойнай білумен
қатар рухани талап-тілегін қанағаттандыра алғаны жөн.
Мектеп көркемөнерпаздар халық аспаптар оркестрін немесе ансамблін
құру үшін ең алдымен үйірмені басқаруға өз ісін жақсы білетін білімді
жетекшіні қабылдау қажет. Ол өзінің ісін ұйымдастыру жұмыстарынан
бастауға тиіс. Ең алдымен оркестрге керекті музыкалық аспаптарды сатып
алуға жете көңіл аударғаны жөн. Жетекші сапалы ойнауға ыңғайлы аспаптары
сұрыптай отырып, олардың әрқайсысын тікелей өзі тексеріп алуға тиіс.
Республиканың түкпір-түкпірінде көп жылдар Осакаровка комбинатында
шығарылған музыка аспаптары пайдаланылып жүрді. Бұл аспаптар дыбыс
сапасы мен ойнауға ыңғайлылығы жөнінен қанағаттанғысыз еді. Мойыны
жуан және дөрекі істелген бұл аспаптарға оқушылардың саусақтары
жетпейтін, сондықтан олар көбінде сөрелерде шаң басып текке жататын.
Керекті аспаптарды сатып алғаннан кейін оларды сақтайтын және
үйірме мүшелерімен сабақ өткізетін бөлмені дайындау қажет. Оркестр
дайындығы өтетін бөлменің іші кең, ауасы таза, жарығы мол, температурасы
бірқалыпты, бөтен у-шуы жоқ және акустикасы жақсы болуы міндетті.
Бөлме ішінде орындықтар мен үстелден басқа оқулықтар мен
әдістемелік әдебиеттерді, ноталарды, медиатор, канифоль, ішек, тиектер, сол
сияқты оркестрге керекті басқа нәрселерді сақтайтын шкаф және пульттер
болуы қажет. Екі адамға нота қоятын бір пульт болса жеткілікті. Музыкалық
сауат сабағын өткізу үшін бетіне нота сызықтары сызылған кәдімгі сынып
тақтасы керек.
28
Сынып ішін үйірме мүшелері тәлім-тәрбие алатындай көрнекі
құралдармен безендіру қажет. Сонымен қатар магнитофон, радиола тыңдауға
арналған күйтабақтар жинағы болса тіпті жақсы.
Музыка аспаптарын сақтайтын бөлменің іші таза, құрғақ, температурасы
аса көп өзгермейтіндей бірқалыпты болғаны жөн. Аспаптарды күн көзі
түспейтіндей және жылу жүйелерінен қашығырақ сақтаған дұрыс. Өйткені,
температураның кенет өзгеруі аспаптардың құлақ күйінің түсіп кетуіне әсер
етеді, ал бөлме ішінің үнемі дымқылданып тұруынан аспаптардың желімі
ажырап, темірден жасалған ішектері мен кейбір бөліктерін тот басып кетуі
мүмкін. Осы сияқты зақымданып, бүлінуден сақтау үшін музыка аспаптарын
міндетті түрде тығыз матадан тігілген тыспен қаптап қою керек. Аспаптың
тысы екі қабат матадан тігіледі, сырты брезент, немесе сол сияқты басқа
матадан, ал іші бөзге ұқсас жұмсақ матамен көмкеріледі. Аспаптар жерде
жатып соғылып, сынып қалмау үшін қатар-қатар тізілген сөрелер жасап,
оларды соған қою керек, ал домбыра сияқты аспаптардың мойнына үзілмейтін
жіптен бау тағып, іліп қойған жөн.
Оркестрге оқушылар қабылдау жұмысын оқу жылының басында
жүргізген дұрыс, алайда жыл бойғы оқу мерзімінің ішінде де талапкер
оқушыларды қабылдап, ұжым құрамын толықтырып отыруға болады.
Алдымен мектепте оркестрге талапкер оқушылар қабылданатыны жөнінде
хабарландыру жазылған тақташа ілінуі керек. Егер оркестр жетекшісі әр
сыныпқа кіріп, үгіт түрінде оркестр жайында әңгіме өткізіп, ынта-ықыласы
бар балаларды іріктеп алса, нұр үстіне нұр.
Оқушылардың музыкалық қабілетін тексеруді олардың ырғақты сезіне
білу қасиеттерінен бастау керек. Себебі, ырғақты сезіне білмейтін адамды
музыкаға үйрету өте қиын іс. Тексеру барысында ең алдымен ырғақтың
жеңілінен бастап, бірте-бірте қиындата түскен жөн. Егер бала ырғақты екі-үш
көрсеткеннен кейін мүдірмей қайталап беретін болса, онда оның ырғақты
сезіне білу қабілетінің бар болғаны.
Музыкалық есту қабілетін тексеру кезінде үйірме жетекшісі бір аспапта
әр түрлі дыбыстарды біртіндеп ойнап, оқушыдан әр естіген дыбысын анық,
асықпай, дауыстап қайталап беруін сұрайды. Музыкалық есте сақтау қабілетін
тексергенде, бұрын естімеген түрлі әуендерден үзінділер ойналып, сол әуенді
дауысымен өзгертпей айтып беру талап етіледі. Егер оқушыға бұл әуендер
қиындық тудырса, оларға бұрыннан таныс, сетіп жүрген әуенінен үзінді ойнап,
қайталап, айтқызуға болады. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтып берсе, онда, сөз
жоқ оның бұл қойылған талапты қанағаттандырғаны. Кейде оқушылар дауысы
жоқ екенін сылтау етіп, немесе көпшіліктен ұялып, қойылған талапқа дұрыс
жауап бермеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда қабілеті жоқ екен деп бірден
шешім қабылдау ағаттық болады. Керісінше, жетекші оны асықтырмай,
дыбыстарды қайта-қайта ойнап, керек кезінде өзі дауыстап пйтып көрсеткені
дұрыс.
Үйірме мүшелерін оркестр аспаптарына бөлу кезінде олардың
музыкалық қабілеттерімен қатар, дене құрылысын ескеруді, аспапты таңдау
29
тілегіне мұқият қарауды ұмытпау керек. Оқушылар оркестрге мүше болған
соң, өздеріне ұнайтын музыкалық аспаптарды ойнап үйренгісі келгенімен, бұл
талап оркестрді құруға, әр түрлі аспаптарды оркестрдің үндестігі бойынша
пайдалануға кедергі жасауы мүмкін. Сондықтан үйірме жетекшісі оларға
оркестрді құру жөнінен мағлұмат беріп, оркестрдегі әр аспаптың маңызын
түсіндіруі керек. Мәселен, бас, контрабас-домбыра немесе сырнай, сол сияқты
басқа да аспаптардың біреуінің жетіспеуінің өзі оркестр дыбысына көп нұқсан
келтіретінін айтқан жөн. Міне, осылай әр аспап жөнінен түсінікті бағдар алған
оқушылар жетекші бөлген аспапты игеруге құлшына кіріседі. Егер оқушы
айтқанға көнбесе, онда оған екі аспапта – біреуін өзінің қалауымен, ал
екіншісін жетекшінің қалауымен ойнап үйренуді тапсыру қажет. Алайда, бұл
талап оның көңілінен шықпаса, онда өзіне ұнаған аспабын қалдыру керек.
Кейін, аспапты әжептеуір игерген соң, оқушыға оркестрге қажетті аспапты
үйрету оңайға түседі.
Осы сияқты көптеген әдістерді қолдану арқылы оқушылардың
музыкалық шығармашылығын жетілдіруге болады.
2.3 Бастауыш сыныпта музыка сабағы бойынша өткізілген сабақ
жоспары
Тақырыбы: Музыка әлемінде
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын музыкалық аспаптарға деген
қызығушылығын ояту. Оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды
тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін
дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Балалармен амандасу. Көңілді әуен. Балаларды ортаға айналдырып
шеңбер жасатып көңілді жаттығулар жасату.
«Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Музыка мұғалімі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
30
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка мұғалімі: -Музыка сабағында не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка мұғалімі: - Жарайсыңдар!
- Балалар айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек?
Балалар: - Ноталар керек.
Музыка мұғалімі: - Иә, дұрыс айтасыңдар! Қане сол ноталарды айтып
көрейікші?
Балалар: - До, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Музыка мұғалімі: -Домбыра-до, Мереке-ре, Мираста-ми, Фабрикада-фа,
Галяда-ля.
Балалар бізде ноталар толық болды ма?
Балалар: -Жоооқ екі нота түсіп қалған.
Музыка мұғалімі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қане
сол ноталарды орнына алып барып орналастырайық? (балалар бастарына
ноталардан маска киеді.)
Музыка мұғалімі: - Ендеше балалар ноталардың алдында не тұру керек?
Балалар: - Скрипка кілті тұру керек.
Музыка мұғалімі: - Жарайсыңдар, балалар! Мінекей скрипка кілті орнына
келді.
- Балалар ноталар жабыстырған поездға отырып саяхатқа шығайық. (көңілді
әуенмен сынып ішін айналып шығады.)
- Алдымызда үш аялдама бар екен? Үш аялдамада бізге үш тапсырма берілген
соны бірге орындап шығайық.
1-тапсырма: «Ән» орындау. Ән: «Әнші балапан»
2-тапсырма: «Ұлттық аспаптармен» танысу.
3-тапсырма: «Көңілді әуенге» билеу.
Музыка жетекшісі: - Поезд келді, кәнекей барлығымыз кеттік. Пух-пух-пух
пыш-пыш-пыш... деп балалар сыныпты аралап, орындарына отырады.
Қорытынды: Бүгін сабақта не үйрендіңдер? Неше нота бар? Енді ноталарды
білесіңдер, ұмытпауға тырысыңдар. Музыка әлемінде ән айтып, би биледік,
әр түрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыканың құдіреті өте күшті.
Таңертең ояна сала, кешке ұйықтар алдында жайлы музыка тыңдаса, адам
музыкадан нәр алып, жақсы сезімдерге бөленеді.
31
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта айтқанда, мектептегі барлық пәндер сияқты, музыка сабағы да
оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп, олардың дүниетанымын дамытып,
ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка саласында білімін жетілдіруді
мақсат етеді. Алайда музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның
өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда,
оқушылардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы музыкалық
шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы
тәрбиеленеді. Сондықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті
мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқытушының сабақта қолданған
барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал ән айту,
музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, әсем сазын терең
түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарын жеңілдетеді. Демек, музыка
сабағында сезім мен саналылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп,
тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқытушы сабақта жұмыстың ұжымдық,
топтық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.
Тыңдалатын музыкалық шығармалар және үйретілетін әндер негізінде
бірінші сынып оқушыларына музыка саласындағы ең қарапайым, әрі
жалпылама түсініктер беріледі. Мысалы, музыкадағы төрт алып (ән, би, күй,
марш) өмірмен тығыз байланысты, сондықтан ол адамның көңіл-күйін,
ойлаған ойын бейнелейді, бізді қоршаған табиғат көріністері мен
құбылыстарын суреттейді. Осыған байланысты музыка көңілді, қайғылы,
ойнақы, баяу, жылдам, ойлы, салтанатты болып келеді.
Музыкалық шығарма әр түрлі дыбыстардан құралып жазылады. Ал
дыбыстардың түрі өте көп: жоғары, төмен, жуан, жіңішке, ұзақ, қысқа,
жылдам, баяу, біртіндеп бәсеңдейтін немесе біртіндеп күшейетін т.б.
Сонымен қатар музыкада ырғақ, саз, әуен, жылдамдық деген болады.
Міне, осылардың бәрі музыка тіліне жатады. Бірінші сыныпта оқушылар
оларды ажырата білуі тиіс.
Музыка сабағының барлық жүйелері бір-бірімен тақырыптық желі
бойынша тығыз байланыста болып келетіні белгілі. Осыған байланысты
оқытушы әрбір жаңа әнді үйреткен кезде, сабақтың негізгі тақырыбынан
ауытқымай, қайта оны тереңдете, өрбіте түсуді мақсат еткені жөн. Түрлі ой
салу, бағыт беру, іздендіру, көрнекі құралдарды пайдалану сияқты,
балалардың ынтасын арттырып, қызықтыратын тиімді әдістерді көптеп
қолданса, ол оқушылардың санасымен жұмыс істеу дағдысын дамытады.
Сонда олар зерек, ойшыл, аңғарымпаз болады. Бұл олардың басқа сабақтарды
да жақсы үлгеруіне себін тигізеді.
32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Р.М.Қоянбаев. «Қысқаша педагогикалық сөздік» Алматы 2003.
2. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. Алматы 1995. 120 бет.
3. С.Ш.Әбенбаев. «Сынып жетекшісі» Алматы ,Дарын 2004. 44-66
беттер.
4. К.Б.Сейташев. «Тәрбие теориясы» Алматы, Мектеп 1986. 130-136
беттер.
5. Мектептегі тәрбие жұмысы. «Мектеп баспасы». Алматы 1978. 244-262
беттер.
6. Т.А.Ильина. Педагогика. «Мектеп» бапасы Алматы 1977. 235-239
беттер.
7. О.С.Богданова; В.И.Петрова. «Бастауыш кластардағы тәрбие
жұмысының методикасы». Алматы «Мектеп» 1980.61-62 беттер.
8. П.Сағынтаев; А.Шәндібаева. «Бастауыш сыныптарда музыкалық
тәрбие беру әдістері». Алматы. Рауан 1996. 131-314 беттер.
9. Пернебек Момышұлы. «Музыкалы-эстетикалық тәрбие» Алматы
2000. 59-62 беттер.
10. С.Байжұманов. «Халық аспаптары оркестрі». Алматы ңӨнерң
1993 5-8 беттер.
11. К.Әсімбекова,Б.Мұсмафин, Т.Мұстафина, Ж.Таубалдиева. «Ән
сабағы» Алматы «Өнер» 1997. 4-7 беттер
33
Download