этнодемографиялық және миграциялық даму ерекшеліктері мен

advertisement
ӘОЖ 94+622.788.36+325.1] (574)
Қолжазба құқығында
СҮЛЕЙМЕНОВА ҚЫМБАТ ҚАСЫМҚЫЗЫ
Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму
ерекшеліктері мен динамикасы
(1991-2007 ж.ж.)
07.00.02 - Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым
комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Қазақстанның тарихи демографиясы және қазіргі әлеуметтік процестер
бөлімінде орындалды.
Ғылыми жетекші:
тарих ғылымдарының докторы
Ғали Ә.
Ресми оппоненттер:
тарих ғылымдарының докторы,
профессор Омарбеков Т.О.
тарих ғылымдарының кандидаты
Ақынжанов М.А.
Жетекші ұйым:
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия университеті
Диссертация 2009 жылы « 30 » сәуір күні сағат 14-30 – да Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01
Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050100, Алматы қаласы,
Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология
институтының қолжазбалар қорында танысуға болады.
Автореферат 2009 жылы «
» наурызда
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы,
тарих ғылымдарының докторы
таратылды.
А.Т. Қапаева
2
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігіне қол жеткізіп,
еңсесін көтерген шақта бүкіл Еуразия аумағына, тіпті ғаламға танылып, беделі
артып, дамып келеді. Егемен мемлекет дамудың жаңа сатысына көтеріліп,
толғаулы, түйінді, маңызды мәселелерді шешуді стратегиялық мақсаттарға
сәйкес кезегімен күн тәртібіне қоюда. Сондай кемелді проблемалардың ішіндегі
негізгілерінің бірі - тәуелсіз Отанымыздың тарихын тану. Тәуелсіз дамудың
тарихи кезеңдерін біліп қана қоймай, сонымен қатар оның бүгінгі тыныстіршілігін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
дәстүрлі игі істердің жалғасын көрсету. Осындай құндылықтар арқылы
тарихымыздың мән-мағынасын түсіну.
Еліміздің терең тамырлы тарихында Алматы қаласының орны ерекше.
Өзінің пайда болып, қалыптасу тарихында қазақ елінің астанасы ретінде
мәртебеге ие болған Алматы ірі мегаполис қана емес, қаржы орталығы түрінде
бірнеше бағытта дамып келе жатқан республикадағы ең үлкен қала. Қазіргі
кезеңде Алматы өз дамуының даңғылына түскен. Елбасының елдің ертеңі,
мемлекеттің болашағы туралы сөз қозғағанда Алматыны айналып өтпейтіні де
өзінен-өзі түсінікті. Өйткені Алматы елдің экономикалық, әлеуметтік және
мәдени өмірінде басты рөл атқарады.
Әсіресе оның әлемдік инвестициялық компаниялар мен қорлардың, қаржы
институттарының, сондай-ақ Алматы аймақтық қаржы орталығының қызметін
бақылау жөніндегі орны ерекше.
Алматы мен оның маңы қалалық агломерация ретіндегі мәні жаһандағы
агломерацияларға пара-пар. Қалалық агломерация өзіндік сипатқа ие болып,
республиканың өзге аймақтарынан дараланып отыр. Агломерацияның ішінде
соған сәйкес процестер жүреді. Сол үрдістерді оқып-үйрену, зерттеу отандық
тарих ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүгінде қалалық
агломерацияның пайда болу тарихын, оның әлеуметтік-экономикалық, мәдени
жағдайын, демографиялық ахуалын және этникалық құрамын, ондағы
миграциялық, маятниктік процестерді, олардың себеп-салдарын, тарихи мәнін
білудің ғылыми-тәжірибелік маңызы зор. Алматы агломерациясының даму
тарихын талдау, оның болашағын болжауға
әлеуметтік, шаруашылық
түйіткілдерді шешуге мүмкіндік береді. Ең бастысы осы уақытқа дейін тек
экономикалық география ғылымы тұрғысында үстірт айтылып келген мәселені
тарихи таным тұрғысында зерттеуге ғылыми негіз қалыптастырады.
Қала агломерациясы - (латын сөзінен aggqlomero – қосамын) - мәдени,
транспорттық байланыстары және өндірісі жоғары дамыған күрделі
көпқұрамды динамикалық жүйесіне біріктірілген, негізінен қалалық тұрғын
орындарымен қалыптасқан халықтық тұрғын орындарының жиынтығы [1 ].
Еліміздің әлеуметтік-демографиялық тарихында Алматы агломерациясының
орны ерекше. Мемлекеттің саяси әкімшілік орталығы Астана қаласына
көшірілгенімен, Алматы қаласы қаржы орталығы деген мәртебеге ие болды.
Қалада еліміздің бүкіл банктерінің 70 пайызы орналасқан, сонымен қатар
30 пайызға жуық сақтандыру компаниялары, тауар және қор биржалары бар.
3
АҚШ пен Еуропа елдерінің 20 банк өкілдіктері де осы қалада орналасқан,
қаржылық операциялар жоғары деңгейлерде жүргізіледі. Мемлекеттің несие
рыногының 80 пайызы оңтүстік астанада шоғырланған. Және де Алматы
қаласы жалпы мемлекеттің салық түсімдерінің қомақты бөлігін қамтамасыз
етеді. Бірақ Алматы қаласынан ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын қала
сыртына шығару саясатын жалғастыру қажет, себебі мегаполистің жанындағы
елді мекендер де қарқынды дамуы керек. Ол үшін ірі қала жанындағы жақын
орналасқан аудандарда өндірістік зоналарды құру әдістерін жетілдіру қажет.
Егер де демограф Әзімбай Ғалидің ұсынған тұжырымы бойынша, ауылды
жерлерде түбінде халықтың небәрі 3-4% жеткілікті десек, олардың үстіне 1015% өндеуші салаларда ғана жұмыс істейтін болса, сонда ғана оптималды қалаауыл қатынасы орнайды. Қазақтың басым көпшілігі
қалалы жерлерде
тұрақтанып қалуы ықтимал [2].
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша республикалық кеңестегі
қорытынды сөзінде: «Қала мен ауыл арасындағы қарым-қатынаста жіктелу
айқын көрінді. Мұнда жіктелудің терең процесі жүріп жатыр және бұл ретте
алшақтық үнемі ұлғая түсуде. Біз ауылдағы жұмыс күшінің көптеп босауына,
ауыл тұрғындарының қалаға көшудің ұлғайып, урбанизация процестерінің
дамуына әзір болуға және ауыл мен қаланың арасындағы өмір сапасы
деңгейіндегі үлкен айырмашылықты қысқартуға тиіспіз. Өйтпесек, біз өз
мақсатымызға - бәсекеге қабілетті болуға қол жеткізе алмаймыз» [3]. Сол үшін
аймақтағы демографиялық үрдістерді, олардың даму ерекшеліктерін зерттеудің
маңызы зор, өйткені Алматы агломерациясы тұтастай Қазақстан Республикасы
тәрізді полиэтникалы, поликонфессиялы сипатта.
Алматы агломерациясының тәуелсіздік кезеңіндегі жай-күйін қарастыру
барысында оның экономикалық және адами ресурстарының, олардың қазіргі
кездегі сипатын айқындауға жол ашады. Қала мен оның маңының даму
заңдылықтарын, өзіне тән ерекшеліктерін тарихи талдау арқылы түсінуге
септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының нысаны.
Тәуелсіздік жылдарындағы Алматы
агломерациясының
шаруашылық,
әлеуметтік,
этнодемографиялық,
этномиграциялық дамуы болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қала агломерацияларын зерттеу негізінен
экономикалық география тұрғысынан жүргізілді. Аталмыш ғылым саласының
мамандары оны зерделеуде қомақты тәжірибе жинақтады. Агломерациялық
мәселелерді әр қырынан қарастырған ресейлік ғалымдар Н.Н. Баранскийдің,
Г.М. Лаппоның, Ф.М. Листенгурттың, Ю.Л. Пивоваровтың, О.С. Пчелинцевтің,
Г.Н. Фоминнің, Д.Г. Ходжаевтың, Б.С. Хоревтің және т.б. еңбектері
зерттеушілерге кеңінен танымал. Бұл еңбектер агломерациялық, урбандалу
проблемаларын зерттеуге мұрындық болады. Мәселен, Г.М. Лаппоның
«Развитие городских агломераций в СССР» атты еңбегі қалалық
агломерациялардың заманауи кенттену үрдісіндегі орны мен рөлін тануда аса
маңызды. Кеңестік кезеңде марксистік-лениндік методология шеңберінде
жазылғандығына қарамастан еңбек агломерацияның теориялық негіздерін
4
түсінуге кеңінен мүмкіндік береді. Өйткені іргелі зерттеуде қалалық
агломерациялардың дамуына әсер ететін факторлар, қала маңының
қалыптасуының алғы шарттары, ірі агломерация және оның серіктес зонасы,
т.б. мәселелер шешімін тапқан. Г.М. Лаппоның еңбегі агломерацияның
теориялық-методологиялық негіздері көрсететін бірегей зерттеу болып
табылады [4].
Біз зерттеп отырған мәселенің мәнін ашуда ресейлік белгілі ғалым
Ю.Г. Саушкиннің В.Г. Глушковамен бірлесіп жариялаған еңбегінің
«Московская и некоторые другие агломерации городов» деген тарауының
мазмұны құнды болып табылады. Авторлар Мәскеу агломерациясының
тәуліктік маятниктік миграциясын, қала маңына орналасуын, Мәскеу
қаласының облыс елді мекендерінің мәдени-тұрмыстық байланыстарын,
мәскеуліктердің қысқа мерзімді демалысқа қала маңына шығуын, агломерация
тұрғындарының орналасу тығыздығын, ірі мегаполис маңының экономикалық
жағдайын ғаламдағы ірі агломерациялармен салыстыра отырып көрсетеді [5].
Алматы қаласы мен оның айналасындағы маятниктік миграцияның сипаты
мен салдарын зерделеуге «Маятниковая миграция сельского населения» атты
топтама септігін тигізеді. Жинақ маятниктік миграция деген не, маятниктік
мигранттарға кімдер жатады, олардың жас мөлшері, әлеуметтік жағдайы
қандай, маятниктік миграция қаланың еңбек ресурстарына қалай әсер етеді,
маятниктік миграцияның болашағы қандай деген сауалдарға жауап береді.
Сөйтіп, маятниктік миграция туралы толық түсінік беріп, осы мәселе бойынша
зерттеушілерге жол сілтейді. Осы тұрғыдан алғанда топтама мәнді болып
табылады [6].
Ірі мегаполистер, олардың жай-күйі мен болашағы кез-келген мемлекетті
ойландыратын күрделі проблемалардың бірі. Қала ұлғайған сайын күрмеуі
қиын мәселелердің қатары көбейетіндігі түсінікті. Сондықтан да ірі қалалар
қашан да үкімет назарында болып, жиі тілге тиек етіледі. Осы орайда
Б.С. Хоревтің «Проблемы городов» деп аталатын еңбегін атаған жөн. Өйткені
зерттеу ірі қалалардың алдында тұратын түйіткілдерді нақ басып көрсетуімен
ерекшеленеді [7]. Алматы агломерациясының болашағын болжауда, оның
қазіргі кездегі орын алған проблемалардың шешімін табуда бұл еңбек маңызды
болып табылады.
Алматы агломерациясы және оның дамуы проблемалары отандық тарих
ғылымында зерттелуге тиіс мәселелердің қатарына енетіндіктен аталмыш
тақырыпқа қатысты тарихи зерттеулер жоқтың қасы. Дегенмен
агломерациядағы тұрғындардың санын, этникалық құрамын, көші-қон
мәселелерін зерттеуге М.Х. Асылбеков мен Ә.Б. Ғалидың іргелі еңбегі
мұрындық болды. Бұл сүбелі зерттеуде Қазақстан халқының демографиялық
даму мәселелері жаңа қырынан қарастырылып, көші-қон үрдістері тарихи
демографиялық бағытта көрініс тапқан [8]. Бұдан өзге М.Х. Асылбековтың
В.В. Козинамен бірлесіп жариялаған еңбектерінде XX ғасырдың 80-90
жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық өзгерістер нақты статистикалық
мәліметтердің негізінде көрсетілген. Тарихи демографиялық зерттеу
тақырыбының жалғасы ретінде М.Х. Асылбеков пен В.В. Козинаның «Казахи»
5
(демографические тенденции 80-90-х годов) [9] атты монографиялық
зерттеулерінде тәуелсіз Қазақстанның ұлттық құрамын зерттеп, қазақтар
санының өзге ұлт өкілдерімен салыстырғандағы үлесіне тоқтала отырып
мемлекетте жүргізілген экономикалық өзгерістердің қазақ халқына тигізіп
отырған әсеріне тоқталған. Біз зерттеп отырған мәселенің, соның ішінде атап
айтар болсақ, Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және
этномиграциялық
үрдістерді
айқындауда
Қ.С.
Алдажұманов
пен
Е.Қ. Алдажұмановтың салиқалы еңбегі өз үлесін қосты [10]. Аталмыш
зерттеуде
Қазақстандағы
қуғын-сүргінге
ұшыраған
халықтардың
депортациялану мәселелері көптеген тың деректер негізінде өз шешімін тапқан.
Алматы қаласы мен оның маңында өмір сүріп жатқан неміс, күрд, түрік, корей,
т.б. диаспора өкілдерінің осы өңірге келуінің тарихи себептері ашылған.
«Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы»,-деп аталатын
ұжымдық зерттеуде Алматы агломерациясының этнодемографиялық дамуын,
түрлі ұлт және конфессия өкілдерінің қала маңына қоныстануын көрсетуге
септігін тигізді. Корей, неміс, поляк және т.б. диаспора өкілдерінің ірі
мегаполис пен оның төңірегіне шоғырлану себептерін айқындауда бұл
еңбектегі деректер қомақты үлес қосты.
Қазақстанға Кеңестік қуғын-сүргін саясатының нәтижесінде жер аударылған
Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарына күштеп көшірудің түрлі әдістері,
депортация себептері Т. Омарбековтың зерттеулерінде жан-жақты талданып,
дәйекті мәліметтермен дәлелденген [11]. Депортацияға ұшырап, Жетісу
жерінде тұрақтанып қалған корей ұлты өкілдерінің халық шаруашылығына,
өлкенің мәдени дамуына қосқан өзіндік үлестері Г.В. Кан, Г. Хан, Г.Н. Ким
және Д. Мен еңбектерінде көрсетілген.
Алматы агломерациясындағы халықтың санын, көші-қон мәселелерді,
оралмандардың қоныстануын, т.б. талдауда М.Б. Тәтімовтің еңбектерін
басшылыққа алдық. Ғалымның еңбектерінде отандық тарихи демографияның
өзекті мәселелері жан-жақты зерттелген. Республикаға танымал ғалым,
демограф М. Тәтімов ұлттық урбандалудың демографиялық ахуалға әсерін
және оның ұтымды тұстарын қарастырып, арнайы зерттеу жүргізді. Бұл
еңбегінде автор республикадағы урбандалу процесін сөз ете отырып, Алматы
қаласының әлеуметтік-демографиялық жетістіктеріне тоқталады, оның бірқатар
шешімін табуға тиісті мәселелерін атап көрсетеді [12].
Алматы агломерациясындағы тұрғындар динамикасын қарастыруда
Т.Ж. Жұмасұлтановтың салиқалы зерттеуі елеулі рөл атқарды . Автор өзінің
еңбегінде тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі республика халқының санын, оның
әртүрлі аймақтарда қоныстануын көптеген статистикалық мәліметтерді
пайдаланып, қорытып, талдай отырып дәйекті түрде баяндаған.
М.А. Акынжановтың республикадағы ұлтаралық қатынастардың даму
мәселесіне арналған зерттеулерінен Алматы мегаполисіндегі тұрғындардың
этникалық динамикасын салыстырмалы түрде көрсетуге пайдаландық [13].
Ғалымдар Н.В. Алексеенко
және А.Н. Алексеенконың 1897-1997 ж.ж.
аралығындағы еліміздегі демографиялық өзгерістерін зерттеген бірқатар
еңбектері Қазақстанның қала халқының демографиялық даму тарихын
6
зерттеуде маңызды болып саналады [14]. Республикадағы халықтардың
әлеуметтік-демографиялық даму тарихына арналған бірқатар диссертациялар
қорғалды. Атап айтқанда, Н.З. Тәкіжбаеваның «Изменение социальной и
национальной структуры сельского населения Казахстана (1946-1992 г.г.)»,
С. Айымбетовтың «1926-1939 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының
этнодемографиялық
және
әлеуметтік
құрамындағы
өзгерістер»,
Қ.К Қожаханованың «Қазақстанға жер аударған халықтар және олардың
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі
(1946-1960 жылдар)», А.И. Құдайбергенованың «Қазақстан халқының
әлеуметтік және ұлттық құрамындағы өзгерістер (1939-1959 ж.ж.)» атты
жұмыстарды атап өтуге болады. А.И. Құдайбергенованың зерттеу жұмысында
1939-1959 ж.ж. аралығындағы республикадағы этнодемографиялық процестер,
халықтың жастық, жыныстық, ұлттық және әлеуметтік құрамындағы өзгерістер
тарихы қарастырылған. Зерттеуде қазақ даласындағы көпұлттылықты
қалыптастырған көші-қон процестерінің табиғаты ашылған.
Жеке аймақтың этнодемографиялық жағдайы, халық санының өсу
динамикасы Қазақстан халқының қалыптасуы мен дамуына тигізетін әсері
сөзсіз, сондықтан М.Н. Сдықовтың «Изменения национального и социального
состава населения Западного Казахстана (конец XIX в.-1989 г.)» докторлық
диссертациясының орны ерекше. Үлкен экономикалық аймақтың даму тарихы
мұрағаттық құжаттар мен статистикалық халық санағының материалдары, өзге
де демографиялық дәйектер арқылы жан-жақты қаралған. Шығыс Қазақстан
халқы туралы статистикалық мәліметтер беретін Н.В. Алексеенконың
еңбектері, О.Д. Табылдиеваның XX ғасырдағы Маңғыстау халқының тарихы,
Солтүстік Қазақстан аймағындағы халқының динамикасы туралы Ә.А.
Какенованың еңбектерінде талданды. Еліміздің басқа аймақтарына арналған
ғылыми зерттеулердің ішінде Г.К. Қадырқұлованың «Население Семиречья в
1867-1926 г.г. (историко-демографические аспекты)» және М.К. Төлекованың
«Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 ж.ж.)»
атты еңбектерін атап өтуге болады [15]. Зерттеу жұмыстарында Жетісу өңірінің
этнодемографиялық жағдайы мұқият қарастырылып, кешенді түрде талданған.
Бірақ Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық және миграциялық
өзгерістер арнайы зерттеу нысаны болмаған. Осы өңірдің Қазақстандағы өзге
аймақтары сияқты әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктері мол.
Бұл еліміздегі полиэтникалық, поликонфессиялық аймақтардың бірі болғанын
ұмытпауымыз керек. Өңірдің этнодемографиялық жағдайы қоғамның даму
кезеңіне қатысты үнемі өзгеріп отырды. Осыған орай халықтың саны,
этникалық құрамы, жынысы мен жасы және білім деңгейі қалыпты өзгеріп
отырды. Ол саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына байланысты
өзгеріп отырды. Бұл аймақтың этнодемографиялық құрылымына қомақты әсер
еткен көп факторлардың бірі - әр түрлі ұлттардың көші-қоны. Жетісу өңірін
мекендеген халықтар үнемі қозғалыста болды, яғни халықтың табиғи және
механикалық жолмен өсуі тоқтамай, қарқынды жүргізілді. Ол осы жердің
табиғи жағдайының ел қоныстануы үшін өте қолайлы болуынан туындайды.
7
Алматы қаласы тұрғындарының этнодемографиялық және этномиграциялық
хал-ахуалын айқындауда аталмыш зерттеулер елеулі түрде септеседі.
Осылайша,
тақырыптың
зерттелу
деңгейін
талдаудан
Алматы
агломерациясының әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық
мәселелерінің тарихи тұрғыда зерделенбегені анық байқалады. Осыған орай біз
таңдап алған тақырыптың отандық тарихнамада бұрын-соңды зерттелмеген
өзекті, жеке талдауды қажет ететін мәселелердің бірінен саналатынын атап
көрсетеміз. Сондықтан диссертациялық жұмыс 1991-2007 ж.ж. аралығындағы
Алматы
агломерациясының
тарихи,
әлеуметтік-экономикалық
және
этнодемографиялық, этномиграциялық процестерін зерттеуге арналады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты 19912007 жылдар аралығындағы Алматы агломерациясының әлеуметтікэкономикалық және демографиялық дамуын жан-жақты әрі кешенді зерттеу.
Осындай мақсатқа қол жеткізуде мынадай міндеттер қойылады:
- Алматы агломерациясының пайда болуы мен дамуын, маңызын айқындау;
- Агломерация халқының этнодемографиялық дамуы мен миграциялық
процестердегі ерекшеліктерін айқындау.
- Қала маңына қоныстанудың этнодемографиялық ерекшеліктерін анықтау;
- Агломерацияның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау;
- Қала мен қала маңындағы этномиграциялық үрдістерді ашу;
- Қарастырылып отырған аумақтағы этнодемографиялық үрдістердің
динамикасына оралмандардың әсерін көрсету;
- Агломерациядағы маятниктік миграцияның ерекшеліктері мен оның
әлеуметтік – экономикалық процестерге ықпалын қарастыру.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. 1989, 1999 ж.ж. халық санақтарының
материалдары мен мұрағат құжаттары, статистикалық мәліметтер, мерзімді
басылым материалдары құрайды. Зерттеу жұмысында пайдаланылған
деректерді мұрағат құжаттары, статистикалық материалдар және анықтамалар,
мерзімді басылым материалдары деп үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік және Алматы
облыстық, Алматы қаласының, Қарасай, Іле, Талғар аудандары
әкімшіліктерінің ағымдағы мұрағаттарының қорларындағы құжаттар жатады.
Зерттеу тақырыбына қатысты әр түрлі материалдар Қазақстан Республикасы
Орталық Мемлекеттік Мұрағатының 3 «Областное правление Оренбургскими
киргизами Министерства Внутренних дел.», 39 «Воисковое правление
Семиреченского казачьего войска.Омского военного округа (1854-1918.) г.
Верный, 48 «Верненская городская управа» қорларында жинақталған. Мұрағат
құжаттарының басым бөлігін Алматы Облыстық Мемлекеттік Мұрағатының
685 «Алматинский областной Совет народных депутатов и его исполнительный
комитет 07.10.77-12.02.92, с 12.02.92. Алматинский областной маслихат», 972,
389, 1078 «Алматинский областной маслихат», 350 «Семиреченский областной
революционный комитет 1918-1923 гг.», 448-қор «Управление сельского
хозяйства исполнительного комитета Алма-Атинского областного Совета
депутатов трудящихся. 1932-1996 гг.» қорларындағы және оның Ұзынағаш,
Талғар, Қапшағай филиалдарының 193 «Аппарат акима Карасайского района»,
8
210 «Аппарат акима Илийского района», 18 «Талгарская районная
администрация» қорларындағы материалдар құрады. Сонымен қатар Алматы
қаласының Мемлекеттік Мұрағатының 174 қорында «Алматинский городской
совет народных депутатов и его исполнительный комитет. Горсовет и его
исполком»., Қарасай, Талғар, Іле ауданы әкімшіліктерінің ағымдағы
мұрағаттарында тақырыптың мазмұнын ашуға байланысты көптеген
материалдар
жинақталған. Бұл құжаттар мен материалдарда Алматы
агломерациясының
экономикалық
жағдайы,
әлеуметтік
құрылымы,
тұрғындарының динамикасы көші-қон үрдістері, миграциялық процестерге
қатысқан этникалық топтар, оралмандар, т.б. туралы құнды мәліметтер
жазылған. Осы тұрғыдан алғанда агломерацияға кіретін аудан әкімшіліктерінің
ағымдағы мұрағаттарындағы құжаттар аса маңызды болып табылды.
Деректердің
екінші
тобын
Қазақстанның
статистикалық
және
демографиялық жинақтар құрады. Бұл жинақтарда Алматы қаласы
тұрғындарының саны, табиғи өсімі, көші-қоны жөнінде бірқатар қажетті
мәліметтер орын алған. Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
жайында ақпаратты бойына сақтаған статистикалық жинақта агломерацияның
шаруашылық
жағдайына
байланысты
деректер
алынды.
Қалалық
агломерацияға кіретін аудандардың 1996-2007 ж.ж. әлеуметтік-экономикалық
паспорты деп аталатын статистикалық топтамалар зерттеу тақырыбы бойынша
бағалы дерек көздері болып табылады.
Өзіміз шартты түрде жіктеген деректердің үшінші тобына мерзімді
басылым материалдары енді. Солардың ішінде «Жетісу», «Заман жаршысы»,
«Талғар», «Іле таңы» тәрізді қалалық агломерация аумағындағы аудандардың
қоғамдық-саяси газеттері біз зерттеп отырған мәселе төңірегінде бірқатар
мәліметтерді жариялап отырған. Бұлардан өзге «Егемен Қазақстан»,
«Казахстанская правда», «Мегаполис», «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алматы»
басылымдарының беттерінде бірлі-жарым мақалалар, қажетті мәліметтер
көрініс тапқан.
«Ведомости Парламента Республики Казахстан», «Собрание актов
Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан»
атты құжаттық сипаттағы мерзімді басылымдар да Алматы агломерациясына
тарихи талдау жасауға дерек көздері ретіне септігін тигізді.
Зерттеудің территориялық шеңбері. Алматы қаласы мен оның
төңірегіндегі елді мекендер тобының жүйесін қамтиды. Басты қаласы - Алматы.
Алматы агломерациясының территориясына шартты түрде оңтүстігінде Іле
Алатауымен, солтүстік-батысында Қаскелең өзенінің сол жағасымен, Сорбұлақ
көлі және Қарой үстіртімен, солтүстігінде Қапшағай бөгенінің сол жағасымен
шектесетін Алматы қаласы мен Алматы облысының Талғар, Іле, Қарасай
аудандарының әкімшілік территориялары кіреді. Алматы агломерациясы
шамамен 20, 34 мың шақырым аумақты қамтиды.
Зерттеудің мерзімдік шеңбері. 1991-2007 жылдар аралығын қамтиды, яғни
тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі Алматы агломерациясы аумағындағы
әлеуметтік-экономикалық және этнодемографиялық, миграциялық процестер
зерттеледі.
9
Зерттеу
жұмысының
теориялық-методологиялық
негіздері.
Тақырыптың мазмұнын ғылыми тұрғыда ашып көрсетуде қалалық
агломерацияның теориялық мәселелерін қарастырған еңбектер басшылыққа
алынды. Алматы агломерацияның көрсетілген кезеңдегі даму бағыттарын,
этнодемографиялық, этномиграциялық үрдістерін айқындауда ғылымның
тарихилық, шынайылылық тәрізді жалпы әдістемелік принциптері
пайдаланылды. Зерттеуде ғылыми айналымға түскен деректерді талдауда
жүйелеу, салыстыру, қорыту, т.б. әдістері қолданылды. Диссертациялық жұмыс
тарих ғылымындағы зерттеудің диалектикалық-материалистік, жүйелілікқұрылымдық, салыстырмалы-тарихи, сабақтастық, теория мен тәжірибенің
бірлігі, тәрбиелілік талаптарға сәйкес жүргізілді.
Зерттеу жұмысында методологиялық негіз ретінде мәселені өркениеттілік
құндылықтар тұрғысынан пайымдау көзделді. Сондай-ақ зерттеудің
статистикалық
және
математикалық-статистикалық
әдістері
кеңінен
қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Мұрағат құжаттары мен
статистикалық, мерзімді басылым материалдары негізінде Алматы
агломерациясының әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамуын
зерттеудің тарихи тұрғыда отандық тарих ғылымында тұнғыш рет арнайы
диссертациялық деңгейде жүзеге асырылуымен анықталады. Ғылыми
жаңалықтың негізі көптеген жаңа деректер, мұрағат материалдары болды.
Зерттеуде алынған жаңалықты мына төмендегідей етіп топтауға болады:
- Алматы агломерациясының даму тарихына қатысты тың мұрағат
құжаттары талданып, статистикалық, мерзімді басылым материалдары тұңғыш
рет ғылыми айналымға енгізілді;
- Алматы агломерациясының қалыптасу және даму тарихы, маңызы және
болашағы алғаш рет дербес мәселе ретінде көтеріліп, ғылыми тұрғыда
қарастырылды;
- Қала мен қала маңының әлеуметтік-экономикалық дамуы тың деректер
негізінде тарихилық принцип тұрғысында зерттелді;
- Қалалық агломерацияның этнодемографиялық және этномиграциялық
үрдістерінің соңы деректер арқылы дәйектелді.
- Қала маңына қоныстанудың этнодемографиялық ерекшеліктері
ағымдағы мұрағат және статистикалық мәліметтердің көмегімен айқындалды;
- Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық динамикасына
оралмандардың әсері ұлттық көзқарас тұрғысынан сипатталды;
- Агломерациядағы маятниктік миграцияның ерекшеліктері және оның
әлеуметтік-экономикалық процестерге ықпалы салыстырмалы талдаулар
негізінде баяндалды.
Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- Алматы агломерациясының қалыптасуы ұзақ уақыттарға созылған
урбандалу процесіне байланысты пайда болып, дамып келеді. Оның қазіргі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени жағдайы жалпы агломерацияның
талаптарына сәйкес келеді. Шамамен 20,34 мың шақырым аумақты қамтитын,
ал Алматы агломерациясы халқы 2 миллионнан асады. Осы тұрғыдан келгенде
10
Алматы агломерациясының болашағы зор әрі айқын. Оны келешекте
жетілдіріп, дамытудың мынадай факторлары бар: бай табиғи ресурстары;
тиімді демографиялық жағдайы; байланыс жүйелері мен көлік жолдарының
жетілдіруі; экономикасының дамуы; республикадағы саяси тұрақтылық.
- Қалалық агломерацияда барлығы 446725 адам өмір сүреді. Солардың
243961-і қазақтар- 54,6 %-ы, 115298-і орыс, 22458- ұйғыр, 5365-і күрд, 15036-ы
түрік, 3421-і әзірбайжан, 3090-ы украиндар, 2688-і неміс, 2357-і татар, 2070-ы
кәріс ұлтының өкілдері болып табылады. Аталған ұлт өкілдері ислам,
православие, протестанттық, католиктік, т.б. діни конфессияларды ұстанады.
Агломерациядағы тұрғындардың этникалық құрамы күрделі, демографиялық
жағдайы республикадағы ахуалмен салыстырғанда анағұрлым жағымды әрі
даму үстінде. Дегенмен орталық қаланың маңындағы этникалық, конфессиялық
және демографиялық процестер үнемі өзгеріп отырды. Ірі қала маңына тартылу
үрдісі әлеуметтік-экономикалық жағдайға, халықтың тұрмыс-тіршілігінен
туындайтын қажеттілік болғандықтан бұл процесс үнемі жүреді. Сондықтан да
агломерациядағы халықтың орналасу тығыздығы, саны өзге өңірлермен
салыстырғанда жоғары. Сондай-ақ өмір сүруге, шаруашылық жүргізуге
қолайлы қала маңына шоғырланған тұрғындардың басым көпшілігі мекенжайларын өзгертпеуге мүдделі.
- Агломерацияның әлеуметтік-экономикалық дамуы орталық Алматы
қаласымен өзара тығыз байланысты жүреді. Агломерацияның өзіндік ішкі
заңдылықтарына сәйкес орталық үнемі
қала маңына орналасқан елді
мекендерге ықпалын тигізіп, тек шаруашылық жүргізу дәстүріне ғана емес
әлеуметтік - мәдени жағдайына, тіпті күнделікті тұрмыс-салтына тікелей әсер
етеді. Қалалық агломерацияда, соның Алматы қаласында 23652 кәсіп
орындары, 22373 шағын, 1771 орта кәсіпшіліктер, 208 ірі өндіріс орындары
шоғырланған. Ал қала маңында барлығы 1859 шағын кәсіпкерлік тіркелген,
оларда 18200 адам жұмыс істейді. Сонымен қатар 131 шаруа қожалықтары мал
өсірумен шұғылданады. Қала маңы қаланы жұмысшылармен қамтамасыз етсе,
қала - қала маңына қажетті мамандарды қалыптастырады. Қаланы азықтүлікпен жабдықтап, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысады.
Сондай-ақ, орталық қаланың экономикалық, әлеуметтік- мәдени мүмкіндіктерін
пайдаланады.
- Алматы агломерациясындағы этномиграциялық үрдістер 1991-2007 ж.ж.
аралығында көшіп-қонушылардың материалдық және рухани талаптілектерінің өсуіне байланысты жиіледі. Мұндағы аталмыш процестер
Қазақстанның саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайына байланысты
жүрді. Кеңес Одағының ыдырап, республиканың тәуелсіздік алуы бір жағынан
алыс және жақын шет елдерге аттанған диаспоралар өкілдерін көбейтсе, екінші
жағынан әлемнің 40-тан астам елдеріне тараған қазақтардың атамекенге
оралуына жол ашты. 1990 ж.ж. орта кезіне дейінгі терең экономикалық
дағдарыс мигранттардың көбеюіне ықпал етті. Республикадағы саяси және
экономикалық тұрақтылық сыртқы миграцияны бәсеңдетіп, көшіп кетушілерді
көбейтті. Ал күшейіп келе жатқан урбандалу процесі ішкі миграцияда
11
тұрғындардың Алматы қаласы мен оның маңына шоғырлануға игі әсерін
тигізді.
- Алматы агломерациясына 1991-2007 ж.ж. аралығында 87260 оралман
көшіп келген. Қалалық агломерациядағы оралмандар легі жыл өткен сайын
көбеюде, соның салдарынан олар қала маңына жиі қоныстануда. Алматы
агломерациясында оралмандардың басым көпшілігі Қарасай ауданында қоныс
тепкен. Оралмандар агломерациядағы әлеуметтік-экономикалық, мәдени
өмірдің барлық салаларына белсене қатысып, жергілікті тұрғындармен қоянқолтық араласып, оның көркеюіне өз үлестерін қосуда.
- Кейінгі жылдары агломерациядағы маятниктік миграциялардың өрісі
кеңейіп, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал етіп, қаланы
еңбек ресурстарымен үнемі толықтыруға көмегін тигізуде. Маятниктік
миграциялар
урбандалу
үрдістерін
ілгері
жылжытып,
халықтың
қоныстандырылуына әсер етеді. 1990 ж.ж. соңынан бастап қалалық
агломерациядағы маятниктік миграциялар қарқынды түрде өрістеді.
Зерттеу жұмысының нысаны Алматы агломерациясының шаруашылық,
әлеуметтік, этнодемографиялық, этномиграциялық дамуы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні Диссертациялық жұмыста Алматы
агломерациясының қалыптасуы мен дамуындағы этнодемографиялық,
этномиграциялық үрдістерінің ерекшеліктері жан-жақты қарастырылады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертация Ш.Ш. Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның тарихи
демографиясы және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінде талқыланып,
қорғауға ұсынылды. Диссертацияның негізгі мазмұны ҚР Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімге сәйкес 5 жарияланымда ғылыми
мақалалар түрінде жарық көрді. Әр түрлі деңгейдегі 4 халықаралық және
республикалық конференцияларда баяндамалар жасалып, талқыланып,
топтамаларда басылды.
Диссертацияның
құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімінен және
қосымшалардан тұрады.Қосымшада зерттеу тақырыбына байланысты Алматы
облысының және Алматы қаласында ҮАААЖ картасы.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде ғылыми зерттеудің жалпы сипаттамасы,
тақырыптың өзектілігі көрсетіледі, зерттелу деңгейі қарастырылып, мақсаты
мен міндеттері айқындалады. Диссертациялық зерттеу барысында айқындалған
ғылыми жаңалықтары, қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдар көрсетіліп,
зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері талданып, оның
практикалық маңыздылығы мен құрылымы баяндалады.
Диссертацияның «Алматы маңының тарихи және әлеуметтікшаруашылық жағдайы» атты тарауындағы бірінші параграф «Алматы
агломерациясының шығу тарихы мен маңызы және келешегі» деп
аталады. Әлем елдерінің тарихынан айқын көрінетіндей алып қалалардың
12
айналасында әр түрлі тарихи кезеңдерде ірі агломерациялар құрылып отырған.
Алматы агломерациясындағы орталық ядросы - Алматы қаласы және сыртқы
зоналары - қала маңы аймағынан тысқары орналасқан серік-қалалар мен елді
мекендер тобынан тұрады. Бұл агломерацияның орталығы – 2008 ж. есеп
бойынша 1247896 адамы бар Алматы қаласы. Ірі қаланың аймағында:
Қапшағай, Қаскелең, Талғар қалалары және 4 қала типтес - Боролдай, Өтеген
батыр, Покровка, Первомайский поселкелері бар. Алматы агломерациясына
кіретін аудандар: Іле, Қарасай және Талғар. Аудандар құрамындағы кейбір
ауылды мекендер Алматы облысының аумағы есебінен Алматы қаласына
қосылған, олар Көктөбе, Түрксіб [16] және Алатау ауылдық аймағындағы 503
гектар жер. 1998 ж. Шеңгелді ауылдық аймағындағы Шолақ ауылы Қапшағай
қаласының әкімшілік билігіне берілді [17] Агломерацияның транспорттық
құрылымы дамыған темір жол, автокөлік жүйесімен шектелмейді, Алматы
қаласындағы және Боролдай аэропорты мен Қапшағайдағы су жолдары арқылы
сипатталады.
Қазіргі Алматы мен оның іргесінде тұрған аудандар аумағы ертедегі б.з.д.
VI–III ғасырларда көшпелі тайпалардың тұрғылықты жері болған. Теңіз
жолдары ашылғанына байланысты «Жібек Жолы» өзінің маңыздылығын
жоғалтты, сонымен қоса оның бойындағы қалалық қоныстар да құлдырай
бастады. Дегенмен, Алматы аймағында отырықшылық тұрмыс толық тоқтаған
жоқ, бұл жерде 1855 ж. дейін қазақ халқының отырықшы және жартылай
отырықшы ауылдары болды. Іле алқабында орнығуы үшін Ресей империясы
әскери бекіністер салуға кірісті. 1853 ж. шілде айында Батыс-Сібір генерал–
губернаторлығының әскери әкімшілігі майор М.Д. Перемышльскийді арнайы
жасағымен Іле сыртына жіберді. Ондағы негізгі мақсаты: «Отыскать за рекой
Или удобное место для возведения укрепления, чтобы овладеть кочевьями
Большой Киргизской Орды, между рек Или и Чу, равно и путей ведущих оттуда
в Китай, необходимо утвердить и упрочить преданность Российскому престолу
Заилийских ордынцев» [18]. Кіші Алматы өзенінің сол жағалауында ежелгі
Алматының ескі орнына жақын жерде майор Перемышельскийдің жасағы Іле
сыртқы бекінісін сала бастады: «Обозрев с вершины Алматы, осмотрясь в
Илийской долине нашли по удобству добывания большому количеству
прекрасной, изрезанной арыками хлебопахотной земли, пажитей и сенокосных
мест, далеко превосходящие урочища на Иссыке и Талгаре» [19]. Бұл орынның
таңдалуы барысында ресейліктер ежелгі Алматының тұрғындары сияқты бұл
жерді тоғыз жолдың торабында орналасқаны үшін, яғни Сібір, Қытай, Орта
Азия мемлекеттеріне бағытталған жолдарының тиімділігі үшін таңдады. Ұлы
жүздің Ресейге қосылған аудандарын басқару үшін Іле сырты өлкесінде
құрылған «Үлкен Орда» приставы Алатау округіне айналды, орталығы
Верныйға көшті. Жетісу Ресейге қосылғанан кейін Верный бекінісі қала
статусын алды. Жетісу облысының бірінші губернаторы және казак әскерінің
бірінші атаманы генерал Г.А. Колпаковскийдің 1867 ж. 19 қазанында
шығарылған бұйрығына сәйкес Верный қаласын басқару комитеті құрылды.
Комитет қаланың тұрмыс-тіршілігіне, әлеуметтік дамуына толық жауапты
болды. Жер мәселесіне қатысты Верный қаласын басқару комитеті жерді тиімді
13
жалға беру жолдарын үнемі қадағалап отырды, оған дәлел қабылданған шешімі:
«Из торгового делопроизводства изволили усмотреть, что за самые плохие
участки, как например, на предгорьях, совершенно не орошаемые земли, цены
выданы из 50 рублей за десятину, такие же участки, которые могут иметь полив
пошли за 200-300 рублей за десятину, находя выданную арендную плату
выгодной для городской кассы» [20]. Қаланың атауын өзгерту туралы шешім
1921 ж. 5 ақпанында Верный калалық комитетінің салтанатты жиынында
қабылданды.
Қалаға өзінің тарихи атауы, орналасқан жеріне байланысты «Алматы»
қайтарылып, бірақ тек ол енді «Алма-Ата» - деп өзгертілді. (Орта Азиядағы
ежелгі қала атауларына ұқсас). Қаз АКСР-ның VI Кеңестер съезінің шешімі
бойынша елдің астанасы Қызылордадан Алматы қаласына 1929 ж.
19 шілдесінде көшірілді. 1930-1935 ж.ж. аралығында темір-бетон, күйген
кірпіш сияқты жер сілкінісіне төзімді материалдардан салынған ірі ғимараттар
бой көтерді [21]. Қаладағы социалистік құрылысқа, көп салалы шаруашылық
және мәдени тұрмысына неғұрлым кеңінен, нақты басшылық жүргізу үшін
аудандастыру төрт рет, яғни, 1936, 1938, 1972, 1980 ж.ж. жүргізілді. Алғашқыда
қалада – Ленин, Сталин, Фрунзе; кейін Ленин, Сталин, Фрунзе, Каганович,
соңғысында Әуезов, Калинин, Ленин, Октябрь, Совет, Фрунзе аудандары
болды. 1982 ж. - Алатау, Әуезов, Калинин, Ленин, Москва, Октябрь, Совет,
Фрунзе аудандарына бөлінген. Алматы қаласындағы сегіз әкімшілік
аудандарына Алатау поселкелік әкімшілігін қосқанда тұрғылықты
территориясы 22850 гектарға жетті, ал халықтың саны 1172,4 мың адамды
құрады [22]. 1995 ж. 23 наурызында Елбасының «Ақмола қаласына Қазақстан
Республикасының астанасын көшіру туралы» Жарлығы шықты. Астананы
көшіру – ол тарихтағы ерекше құбылыс. Көп шоғырланған орыс тілді
халықтарының қазақ тілді халықтарымен тиімді әкімшілік – территориялық
өзгерістер арқылы біріктіріп қосу, бұл мемлекеттің саяси және территориялық
тұтастығының нық сақталуы жолдарының бірі, астананы географиялық
орталыққа көшіру, Қытай шекарасынан алыстату мақсаты да ескерілді. Енді
көш басын халқы тығыз орналасқан оңтүстіктен кең байтақ солтүстіктегі
қазақтың жазық даласына бағыттады. 1995 ж. 12 желтоқсанында Алматы
қаласының кейбір аудандарына жаңа атаулар берілді: Совет ауданы – Алмалы,
Калинин ауданы – Бостандық, Ленин ауданы – Жетісу, Октябрь ауданы Түрксіб, Фрунзе ауданы - Медеу аудандары болып өзгертілді. 1997 ж. 28
қаңтарда Алатау және Москва аудандары таратылды. Медеу ауданының
әкімшілік қарамағында болған Алатау поселкесі 503 гектар жер көлемімен
қалалық жер құрамына қосылды [23].
2008 ж. Алматы төңірегіндегі ауылдарды бір аудан аумағына біріктіріп,
аумағы 7190 гектар жерді құрайтын жаңадан ірі мегаполистің жетінші Алатау
ауданы ашылды. Ол туралы Алматы
қалалық мәслихатының 2008 ж.
2 шілдедегі IV сайланған XI сессиясы шешім қабылдады. 1998 ж. 18 шілдесінде
Қазақстан Республикасының «Об особом статусе города Алматы» Заңы
қабылданды.
Алматы
дамыған
интеллектуалды-ғылыми
базасымен
ерекшеленеді. Бұған дәлел, оның аумағындағы 66 жоғары оқу орны мен
14
700 ғылыми-зерттеулермен айналысатын мекемелердің болуы. Мұнда ядролық
медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды дамыту, заманауи
бағдарламалармен қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу технологияларын дамыту
және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.
2007 ж. 3 қарашасында IV шақырылған Алматы қаласы Мәслихатының
IV сессиясында «2015 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының дамуы»
өңірлік-аумақтық бағдарламасы қабылданған. Ол бойынша Алматы қаласыиндустриалдық кеңістіктегі аймақ ретінде қаржылық, инвестициялық, көліктіклогистикалық және туристік орталық болып айқындалған. Оның қалыптасуы
үш кезеңге бөлінеді де, 2010 жылға қарай мұнда 1,5 миллион шаршы метр
ғимараттар кешені бой көтереді. Қаржы орталығы әлемдік бизнесқауымдастыққа қаржы қызметін көрсетудегі ең жоғары стандарттарға жауап
бере алатын жаңа замандық кешенді ұсынып, Қазақстан қор биржасы
базасында Алматы қаржы орталығының арнайы алаңы жұмысқа кірісті. Ірі
мегаполис пен Алматы облысының бірыңғай Алматы аймағы ретінде дамуы
мүмкіндіктері мол. Алматы облысының экономикасы аграрлы-индустриалдық
бағытта дамығандықтан, ол ірі мегаполистің азық-түлік белдеуі, яғни қаланы
азық-түлікпен қамтамасыз ететін бірден-бір аймақ. Облыстың ауыл
шаруашылығы республика көлемінде ауылшаруашылық өніміннің 13 пайызын
құрайды, ауыл шаруашылық өнімдерінің 60-қа жуық түрлері өндіріледі.
Агломерацияны келешекте жандандырып, жетілдірудің мынандай факторларын
атауға болады: Алматы қаласы мен маңының бай табиғи ресурстары; адами
ресурстар, яғни тиімді демографиялық жағдайы; байланыс жүйелері; көлік
жолдарының жетілдірілуі; өнеркәсіп мен ауыл шаруашылығының
экономикалық жағынан тұрақты дамуы; еліміздегі саяси тұрақтылық. Міне
осындай мәселелерді түпкілікті шешкенде ғана Алматы қаласы және оның
маңының агломерациялық жағдайы жақсара түспек.
Жұмыстың екінші «Қала маңына қоныстанудың этнодемогрфиялық
ерекшеліктері» параграфында Алматы қаласы тұрғындарының динамикасы
туралы қарастыралады. 1959 ж. халық санағының қорытындылары бойынша
457,7 мың адам өмір сүрген. Бұл көрсеткіш 1979 ж. санақ қорытындылары
бойынша 956,8 мың адам немесе 47 пайызға өскен болса, 1989 ж. - 1071,9 мың
адам, яғни халықтың 89 пайызға өскенін көрсетеді; 1999 ж. – 1122009 адамға
жетіп немесе 95 пайызға өскен [24]. 2007 ж. қала тұрғындарының саны 87
пайызға өсіп немесе 1287246 адам болса, олардың 488202 тұрғыны қала
халқының қатарында болса, 1132494 ауыл тұрғындары болды. Қала халқының
өсуіне, оның экономикасы мен мәдениетінің дамуы әсер еткені сөзсіз.
2007 ж. туу мен өлу туралы келтірілген мәліметтерді 1991 ж. салыстырып
көрейік, 1991 ж. әрбір 1000 адамға шаққанда туу - 16,5, ал өлім-жітімі 11,8
болса, енді 2007 ж. бұл көрсеткіштер туу - 25,2 болса, яғни 65 пайызға өскен,
ал өлім-жітімі 4 пайызға азайды. Қала бойынша табиғи өсімнің үлес салмағы
үнемі өсуде екені байқалады.
1999 ж. агломерация тұрғындарының саны 422443 адам болса, оның 130000ны Іле ауданында қалалық жерде 47100 адам немесе 38%-ы. Қарасай
ауданындағы 159800 тұрғындарының 37300 қалалық жердің, яғни жалпы
15
тұрғындардың 24 %-ы. Ал Талғар ауданындағы 132643 тұрғындардың 43400
адам, немесе 33% -ы қалалық жердің тұрғындары. Осы белгіленген жылдар
арасында агломерацияда қалалық тұрғындарының саны үнемі азайғаны
байқалады. Бұл агломерациядағы ауылды жерлердегі әлеуметтік-экономикалық
жағдайдың жақсарғаны айқындап, ауыл мен қаланың тұрмысы теңестірілгенін
көрсетеді.
Ал 2003 ж. агломерацияда қала мен ауыл тұрғындарының санында
айтарлықтай айырмашылықтары жоқ. Бірақ 2007 ж. 446725 тұрғындарының
арасында Іле ауданының 137687 тұрғындарының арасында 52000 адам немесе
37 %-ы қалалы жерді мекендейді. Қарасай ауданының 162495 тұрғындарынан
34600, яғни 22%-ы қалалы жерді мекендегені анық. Ал Талғар ауданы
тұрғындарынан 146543 адамнан 46700-і, немесе 32 %-ы ғана қалалық жерді
мекендеген. Осы жылдар аралығында қала тұрғындарының саны күрт
төмендегені, ал ауыл тұрғындарының саны жоғарлағаны агломерациядағы ауыл
аймақтарының әлеуметтік-экономикалық және тұрмыс жағдайы қаламен
теңестіріліп, ауылдағы өмір деңгейі көтерілді, бірақ халықтың басым көпшілігі
тіршілік көзін қаладан тапса да, тұрақты қоныс орындарын агломерацияның
ауылды жерлерінен таңдағаны сөзсіз. Жоғарыда айтқанымыздай, 1991-2007
ж.ж. аралығында агломерация халқы 12725 адамға көбейген. Тұрғындардың
37%-дан астамы қалаларда, қалған 63%-ы ауылдарда қоныстанған. Халық
санының динамикасы негізінен табиғи өсім және оралмандардың есебінен
артып отыр. Әрбір 1000 адамға шаққанда туудың орташа мөлшері 14, өлім 9
адамды құрайды. Туу 1991-1999 ж.ж. аралығындағы көрсеткіштен айтарлықтай
жоғары болса, ал өлім елеулі түрде азайған.
Агломерациядағы тұрғындардың этникалық құрамы жөнінде мәлімет беруді
жөн көрдік. 1999 ж. агломерация тұрғындарының саны 422 443 болса, оның 127
577-і немесе 30%-ы қазақтар, орыстар 81 388 немесе 19%-ын көрсетті,
ұйғырлар 16 051 немесе 4 %, күрдтер 5 921 немесе 2%, түріктер 798 адам
немесе 0,1%, әзербайжан 4811 немесе жалпы тұрғындардың 1%-ын көрсетті,
украин 3654 адам немесе 0,8%, неміс ұлты өкілдері 4484 адам немесе 1 %-ын
құрады, татарлар 3307 адам немесе 0,7 %, кәрістер 1795 адам немесе жалпы
тұрғындардың 0,4%-ын құрады.
Ал 2007 ж. жалпы тұрғындардың саны 446725 адам болса,олардың 243961
немесе 55 %-ын қазақтар құрады, ал орыстардың саны 115298 адам немесе 26%,
ұйғырлар 22458 адам немесе жалпы тұрғындардың 5%-ын құрады. Күрдтердің
саны екі есеге көтеріліп 5365 адам яғни 2%-ын көрсетті. Түріктер 15036 адам
яғни 3%, әзербайжан 3421 адам немесе 0,7%-ын көрсетті, украин ұлтының саны
3090 адам немесе 0,6%, немістер 2688 адам яғни 0,6%, татарлар 2357 адам яғни
0,5%, кәрістер 2070 адам немесе 0,4% - көрсеткен. Осы мәліметтер арқылы біз
агломерацияның 1999-2007 ж.ж. аралығындағы этникалық құрамының
динамикасын анықтадық. Агломерацияда қазақтардан өзге жекелеген ұлт
өкілдерінің кейбіреулерінің бір аудан аумағында шоғырлана қоныстанғандары
байқалады. Мәселен, күрдтердің басым көпшілігі Іле ауданында өмір сүретін
болса, ұйғырлар негізінен Талғар ауданында, Қарасайда түріктер тығыз
қоныстанған. Тарихи тағдырларының салдарынан Жетісу өлкесіне келген
16
аталмыш диаспора қазақ жеріндегі алғашқы күндерінен-ақ осы өңірлерге табан
тіреп, қоныстанғаннан бері табиғаты мен байырғы халқы жайлы аумақтарда
ұрпақ өрбітіп қала берген. Аталмыш ұлттардың агломерация өңіріне көшіп
келуінде өзіндік тарихы бар. Мысалы, Қиыр Шығыстағы корейлер Кеңес
Одағында тоталитарлық жүйенің алғашқы қуғын-сүргініне түскен ұлт болып
саналады. 1935-1936 ж.ж. «Жапонияның тыңшылары» деген айдар тағылған
жүздеген корейлер деректердің дәйектеуінше, қуғындалып, тергеуге алынып,
абақтыға жабылып, атылған. Тіпті Қазақстанға күшпен қоныс аударылып
келген корейлерді жазалау ары қарай жалғастырылған. 1941 ж. күзінде жаңа
жерлерге, 1 млн 120 мың неміс орналастырылды. Соның ішінде Алматы
облысына 30 мың неміс ұлтының өкілдерін қоныстандыру жоспарланды. Олар
біз қарастырып отырған Алматы агломерациясының ауылды жерлеріне
орналастырылды. Еділ өңірінен ешбір негізсіз қуғындалған немістер Іле,
Талғар, Қарасай аудандарының елді мекендеріне осылай көшіп келді. 1944 ж.
31 қаңтарындағы КСРО Мемлекеттің Қорғаныс комитетінің қаулысына сәйкес
шешендер мен ингуштерді Қазақ КСР-на жер аудару шешілді. Алайда бұл
шешім өте құпия сақталды. Тек 1944 ж. 21 ақпанында КСРО Ішкі Істер Халық
Комиссариатының жер аудару операциясын бастау жөніндегі бұйрығы шықты
[25]. Таулы климатқа бейімделген Алматы облысына жер аударылған
шешендердің біраз бөлігі Іле Алатауын жағалап, Талғар, Қарасай аудандарын
паналады.
Үшінші параграфы «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы» деп
аталады. Қала маңындағы аудандардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы
орталықтың ықпалына байланысты болады. Жалпы айтқанда, Алматы
агломерациясын ірі өндіріс орталығына айналдыру үшін аймақта: тамақ
өнеркәсібінде – ет, сүт тағамдарын өндіру, өсімдік май, қант, шарап жасау,
темекі өндірісі және лимон қышқылын, қоюландырылған және құрғақ сүт, соя
мен қызанақты қайта өндеу арқылы өнімдерін шығару, яғни қайта өндеу
өндірісін дамыту басшылыққа алынса, ал аймақтағы пайдалы қазбалар қоры
арқылы мәрмәр, кварц құмы, гипстік шикізаттардың, құрылыс және безендіру
табиғи тастарының молдығы құрылыс өндірісінің дамуына немесе құрылыс
кластерін қалыптасуында ерекше орын алады. Аймақтың сырттан келетін қуат
көздері тәуелділігінен құтылу үшін жердің су және жел қуат табиғи қорларын
дәстүрлі емес және өздігінен қайта қалпына келетін қуат көздеріне айналдыру
қажет.
«Этнодемографиялық және миграциялық процестер» деп аталатын
екінші тараудың бірінші параграфы Алматы агломерациясындағы
этномиграциялық үрдістеріне арналған. Халықтың селодан қалаға қоныс
аударуы - өндірістік даму жолына түскен кез-келген қоғамға ортақ заңды
құбылыс. Ішкі миграцияның жоғары қарқыны 1991-1992 ж.ж. аралығында
басталды. Сол кезеңде ірі мегаполиске ұмтылған мигранттар қала төңірегіндегі
бос қалған жерлерді иемденіп алды. Мүмкіндіктеріне қарай, қолда бар құрылыс
материалдарынан соғып алған лашықтарын тұрғын үйге айналдырып, олардың
заңдастырылмаған, құжаттарсыз бой көтерген саман үйлер келешекте үлкен бір
әлеуметтік дағдарысқа жеткізілетінін ешкімді де ойландырмады. Ауылдан
17
қалаға қоныс аударуы, яғни ішкі миграция ол үнемі шешімін қажет ететін
өзекті мәселенің бірі. Бірақ өркениетті елдерде кенттену үрдістері ұзақ уақыт
жүргізіліп, тіпті жылдар емес ғасырларға созылған. Осы уақытта ауыл
тұрғындары ешқандай қиындықсыз, күнделікті күйбең тіршіліктерін атқарып,
қиындықсыз қала өміріне біртіндеп үйренісіп, сіңісті. Ал жедел қарқынмен,
жалпы қарқында жүргізілген, кенеттен қанат жайып, бүкіл тұрғын халықты
мигранттарға айналдыру үрдіс, әрине қиындықсыз, шығынсыз жүргізілмейді.
Сондықтан ішкі қақтығыстарды болдырмау үшін, ішкі мигранттардың қалаға
бағыт алғанын тоқтату үшін ауылды жерлердің әлеуметтік – экономикалық
жағдайларын жедел жақсарту қажет. Әрине бұл өзекті мәселелерді жергілікті
билік атқарушы органдар өз құзырында шеше алмайды, ол үшін мемлекет
тарапынан арнайы бағдарлама қабылданып, заң күшіне енгізілуі керек.
Республикадағы ішкі миграция облысаралық, облысішілік сипатқа ие
болады. 1989-1999 ж.ж. республикалық халық санақтары аралығында Алматы
облысына 1063 адам, 2000-2007 ж.ж. аралығында 242443 адам көшіп келіп,
оның демографиялық ахуалын жақсартуға септескен. Осы көрсетілген уақыт
аралығында Алматы қаласына көшіп келген 395841 мигрант болса, кеткені
289109 адам болды. Алматы облысы мен қаласына көшіп келген
мигранттардың барлық саны 506324 адам. Айта кетерлік бір жайт, 1989-1999
ж.ж. аралығында Алматы облысына ТМД және Балтық теңізі өңірінен
қазақтар, орыстар, күрдтер, түріктер, корейлер, әзірбайжандар, украиндар,
немістер, татарлар, ұйғырлар, өзбектер, қарақалпақтар, тәжіктер көшіп келген.
Ауғанстан, Германия, Қытай, Иран, Корея, Монғолия, Пәкістан, Польша,
Түркия, Чехия тәрізді алыс шет елдерден қазақтар, орыстар, түріктер, ұйғырлар,
немістер қоныс аударған. Керісінше көрсетілген кезеңде Алматы облысы мен
қаласынан 35890 адам ТМД елдеріне көшіп кеткен. Алыс шет елдерге көшіп
кеткендер ресми деректерде 65650 адам болып тіркелген. Алыс және жақын
шет елдерге қоныс аударған этностар өкілдерінің қатарында орыстар, немістер,
украиндар, корейлер, әзірбайжандар, татарлар болған.
Алматы агломерациядағы этномиграциялық үрдістер 1991-2007 ж.ж.
аралығында көші-қонушылардың материалдық және рухани талап-тілектерінің
өсуіне байланысты жиіледі. Көші-қонның жиілеуі қазақстандық қоғамның алға
басуын, халықтың әл-ауқатының жақсаруына байланысты жүретіндігі белгілі.
Кез келген мемлекетте көшіп келушілердің көшіп кетушілердің санынан басым
болғандығы ол мемлекеттің көшіп-қонға жағымдылығының дәлелі, бұл
миграциялық үрдісі әлеуметтік-экономикалық дамуы, өмірдің даму деңгейінде
негізделетіні анық. Кеңес Одағының ыдырап, республиканың тәуелсіздік алуы
бір жағынан алыс және жақын шет елдерге аттанған диаспора өкілдерін
көбейтсе, екінші жағынан әлемнің 40-тан астам елдеріне тараған қазақ
халқының өкілдеріне атамекенге қайтуға жол ашты. 1990 ж. орта кезіне дейінгі
терең экономикалық дағдарыс та мигранттардың көбеюіне ықпал етті.
Ауыл тұрғындарының қалаға жаппай көшіп-қонуы 1991-1992 ж.ж.
басталды. Сол кезден бастап орын ауыстырғандар қала маңында бос жатқан
жерлерге өз беттерінше баспана сала бастады. 1996 ж. көшіп келушілер көбейе
түсті. Көшіп келгендердің басым көпшілігі Арал, Семей және тағы басқа
18
экологиялық жағдайы ауыр өңірлерден еді. Агломерациядағы ірі мегаполис
Алматы ең алдымен ауыл мигранттарын тарту орталығына айналды.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық сыртқы миграцияны
бәсеңдетіп, көшіп кетушілерден гөрі көшіп келушілерді көбейтті. Ал күшейіп
келе жатқан урбандалу процесі ішкі миграцияда тұрғындардың қалалар мен
Алматы маңына шоғырлануына игі әсер етті. Соның салдарынан байырғы
халықтың және әр түрлі ұлттардың өкілдері Алматы агломерациясында тығыз
орналасып, оның демографиялық дамуын жетілдіруге үлес қосуда.
Екінші бөлімнің келесі параграфы «Этнодемографиялық үрдістердің
динамикасына оралмандардың әсері» деп аталады. 1991-2007 ж.ж.
аралығында Алматы облысына шетелдерден келген оралмандар саны 87260
адам немесе 24596 отбасы [26]. Олардың ішінде Монғолиядан 3581 отбасы
немесе 14625 адам, Түркиядан 393 отбасы немесе 1430 адам, Қытайдан 7475
отбасы немесе 26103 адам, Ираннан 65 отбасы немесе 345 адам, Ауғанстаннан
59 отбасы немесе 226 адам, Даниядан 1 отбасы немесе 3 адам, Араб елдерінен 4
отбасы немесе 18 адам, Пәкістаннан 3 отбасы немесе 14 адам, Грузиядан 1
отбасы немесе 4 адам, Ресей Федерациясынан 376 отбасы немесе 882 адам,
Украинадан 4 отбасы немесе 5 адам, Өзбекстаннан 11722 отбасы немесе 40621
адам, Тәжікстаннан 52 отбасы немесе 186 адам, Түркменстаннан 488 отбасы
немесе 1746 адам, Қырғыз Республикасынан 367 отбасы немесе 1047 адам,
Әзірбайжаннан 1 отбасында 1 адам, Беларусь, Молдова; Латвия, Югославия
елдерінен де бір отбасынан бір адамнан келген екен.
Іле ауданына 1991-1994 ж.ж. Монғолиядан 118 оралман қоныс тепкен. Осы
кезеңде Іле ауданына тек Монғолиядан ғана емес, Қытай, Түркия, Ираннан 466
репатриант, яғни 58 отбасы көшіп келген. Қоныстандырушылардың 166-сы
балалар, 300-і ересек адамдар, еңбекке жарамдылары - 119, мамандығы барлар 41, жоқтар - 78 адам болған. Жалпы келген отбасы саны 58 болса, олардың
ішінде адам саны 466 болды, еңбекке жарамдысы 119 адам.
Талғар ауданына 2007 ж. алыс және жақын шетелдерден 1683 отбасы немесе
7577 қандастар көшіп келіп, агломерацияның этнодемографиялық ахуалының
жақсаруына өз үлестерін қосқан. Бұл көрсеткіш Іле ауданымен салыстырғанда
5-6 есе артық. Дәл Іле ауданы тәрізді Талғарға да келген оралмандар негізінен
Қытай, Монғолия, Өзбекстан мигранттары. Олар Нұра, Панфилов, Қайнар,
Алатау селолық округтеріне қоныстанған. Оралмандардың Қазақстан
Республикасының азаматтығына және бір жерде тұру белгісін алуға құжаттар
өткізу барысында 326-сы республика азаматтығына ие болған. Сондай-ақ жеке
тұрғын үй салу мақсатында жер телімдерін беру, баспанамен қамтамасыз ету
шаралары қоса атқарылған. Жалпы аудан бойынша 1995-2003 ж.ж. барлығы 83
үй квотамен келген оралмандарға берілген.
Агломерациядағы Қарасай ауданындағы 1990-2007 ж.ж. оралмандардың
7073 отбасы, яғни 22041 адам қоныс тепкен. Соның ішінде Өзбекстаннан 19651, Монғолиядан -311, Түркиядан - 1031, Қытай Халық Республикасынан 308, Ираннан - 132, Ауғанстаннан - 127, Пәкістаннан - 35, Ресейден - 193,
Қырғызстаннан - 328, Түркменстаннан - 341, Тәжікстаннан - 66, Сауд
Аравиясынан - 8, Украинадан - 9 оралман көшіп келген. Олар ауданның барлық
19
дерлік елді мекендеріне орналасқан. Дегенмен Қаскелең қаласына - 9220, Жаңа
Шамалғанға – 5500, Шамалғанға – 4000-нан астам адам тығыз қоныстанып,
аудан тұрғындарының санын көбейткен. Көрсетілген аралықта 19121
репатриант Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдаған. Оралмандарды
елімізге шақырып, оларды құшақ жая қарсы алуымыздың да өзіндік себептері
жоқ емес. Тәуелсіз мемлекеттің стратегиялық жоспарына сәйкес іске асырылуға
тиіс міндеттердің бірі – аумағы жағынан дүние жүзінде тоғызыншы орынды
иеленетін елдің халқының санын арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын
жақсарту. Осыған орай 1997 ж. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан
Республикасының Халықты қоныстандыру барысындағы ірі стратегиялық
мақсатын белгіледі. Ол – 2015 ж. республика халқының санын 20 миллионға,
2030 ж. - 25 миллионға жеткізу межеленіп отыр. Осы белгіленген межеге жету
және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыруға
бағытталған шаралар жайында Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына
Жолдауларында айтылып, белгіленеді.
Оралмандардың әлеуметтік-психологиялық сіңісуін қиындатқан жағдай – ол
орыс тілін білмегендігі, себебі ол кезде жергілікті қазақтар Кеңес мемлекетінің
жүргізілген саясатының салдарынан тіршілікте орыс тілін көбірек
қолданып,ұлттық дәстүрдің сақталуына көп ұстанымы болмады, келген
қазақтарға осының бәрі жат көрініп, олар қоян-қолтық араласа алмады.
Сондықтан да болар көптеген қоныс аударушылар жіберілген жерлерінен өз
еріктерімен көшіп; басқа облыстардағы қалаларға орналасуға тырысқан.
Мысалы, Алматы облысы Талғар ауданының әкімшілігіне 1996 ж. 1
маусымында Талғардағы Жұмыспен қамтылу Орталығының директоры
Л.Д. Даниленконың жазған баяндау хатында: Фрунзе ауылдық округінде
Монғолиядан көшіп келген 7 оралмандар отбасы ерікті қоныстанған. Олар
Қазақстан Республикасының квотасы бойынша Шығыс Қазақстанға жіберілген,
бірақ ол жерді жатсынып, орыс тілді жерге сіңісе алмай өз еріктері бойынша
Алматы облысына қоныс аударған. Осындай жағдай Горнооктябрь, Калинин,
Дзержинск, Октябрьск ауылдық округтерінде қалыптасқан [27]. Бұл
оралмандардың көші-қонының «екінші толқыны», яғни алғашқысы бір
мемлекеттен екінші мемлекетке болса, ендігісі орысшыл солтүстік – шығыстан
қазақи оңтүстікке қоныс аударуы. Бірақ ерікті қоныс аударушылардың барлығы
жұмысқа орналасып, тіршілік жасау мүмкіндіктерінен шегерілгені жоқ. Тіпті
Талғар ауданының әкімшілігінің 1994 ж. 28 ақпанындағы №1-83 қаулысына
сәйкес және «Иммиграциялық жер қорының құрылуы Уақытша Ережесі»
басшылыққа алынып, оралмандарға Талғар ауданының жер қорынан жалпы
көлемі 26,0 гектар жер берілді. Жер телімдері аудан әкімшілігінің шешімі
бойынша Фрунзе - 20,0 гектар, Киров - 2,0 гектар, Краснопольск - 3,0 га,
Белбұлақ - 1,0 га округтерінде берілді. Бірақ жер телімдерін алуға
оралмандардан арыздар түспеген. Қоныс аударушылардың жағдайларын күрт
төмендегені мемлекетіміздегі XX ғасырдың 1994-1995 ж.ж жүргізілген
экономикалық бағытындағы өзгерістер әсер етті. Жекешелендіру барысында
оралмандардың сыбағасына мардымды ешнәрсе тимеді, себебі ол бөлініс еңбек
өтілі, кәсіби шеберлігі және басқа да жағдайларға байланысты жүргізілді.
20
Сондықтан, енді ғана орнығып келе жатқан қоныс аударушыларды
жекешелендіру үрдісі келеңсіз жағдайларға ұрындырды, күн көрістері күрт
төмендеді.
Бірақ мемлекет өз тарапынан көмек көрсетуден бас тартпады. 2000 ж. 13600
оралмандар отбасына атаулы әлеуметтік көмек берілді, олардың ішінде 898 асыраушысы жоқ болғанына, 3014 - көпбалалы отбасы, 4398 - тұрмысы төмен
деңгейіндегі бірыңғай берілетін жәрдем ақысын алды.
Соңғы уақыттарда оралмандар бұрын өздері мекендеген жерлеріне ұқсас
климатты таңдайды. Осыған орай олардың Алматы агломерациясында көбірек
қоныстануы байқалады. Агломерацияда халықтың орналасуы тығыз болса да,
оралмандар осы аудандарға қоныстануға ұмтылады. Кейінгі келгендері ірі қала
маңына қоныстануға ниет білдіруде, өйткені олар өмір сүріп, тіршілік етуге
дала емес қаланың мүмкіндіктері мол екендігіне көз жеткізген. Кейінгі
жылдары оралмандардың келуі үш түрлі жолмен жүргізіледі. Ең біріншісі шетелге барып, көшіріп әкелу, келесі - елшіліктерге алдын ала өтініш беріп,
кезегі жақындағанда өз күшімен қоныс аудару,соңғысы - өз бетімен,ешнәрсеге
қарамастан көшіп келіп, квотаға өз бетімен ілінуі. Осындай жағдайлар көші-қон
мәселесін шешуін қиындатады. Шетелдегі жүрген 5 миллион қазақты түгелдей
қаржы бөліп көшіріп алу мүмкін емес, осыған орай өз күшімен келетіндердін
санын көбейту керек. 1991 ж. мен 2007 ж. аралығында елімізге 161745
оралмандар отбасы 633241 мүшесімен қоныстанды. Осы кезде табиғи өсімді
және квотадан тыс келгендердің бәрін есептегенде, барлық келгендердің саны 1
миллион адамға жететіндей. Бұрын көшіп келгендердің көбі өз
мамандықтарына қарай жұмысқа орналасып, өз бетінше тіршілік етуде.
Мәселен, Өзбекстаннан келген Ж. Мәлібеков Республикамыздың мемлекеттік
Елтаңбасының авторы, Алматы қаласында Зарафшан қаласынан келген
Әлмұрат Өнербаев «Алтын диірмен» корпорациясында бас есепші, Құрбан
Ақназаров Алматы қалалық әкімшілігінде бөлім меңгерушісі, Түркиядан келген
Халифа Алтай араб тілінен «Құран-Кәрімді» қазақшаға аударды. Алматы
облысы Іле ауданына қарасты Ақши ауылындағы түйе малын өсірумен
айналысып, сүт өндіруді қолға алған «Дәулет - Бекет» шаруа қожалығының
төрағасы - Сыдық Дәулетов. 2001 ж. қолға алынған түйе шаруашылығымен
айналысуы бұл күндері өзінің түпкі нәтижесіне де қол жеткізуде. Оның айқын
айғағы-осынау адам денсаулығына пайдалы шұбат өндіру ісінің ауданда ғана
емес, облыстағы іргелі шаруашылықтардың біріне айналуы. Қазір Малазия,
Жапония, Арабия сияқты шетелдіктер де аттай қалап, сұраныс білдіруде. Атпал
азамат этноауыл ашуды жоспарлаған. Қазір қарамағандағы 1000 түйе, 3000 қой,
1000 жылқы, 400-ге жеткен сиыр, одан алынатын өнімдер халықтың тұтыну
қажеттігін өтеумен қатар, жергілікті тұрғындарды тиісті жұмыс орындарымен
де қамтуда.
Қазақстан
Республикасының
демографиялық
жағдайының
тұрақтандырылып және жақсаруы ең біріншіден - халық санының қарқынды
өсуіне, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтып қамтамасыз етілуіне, әлеуметтік –
экономикалық жетілдіруіне және шетелдегі отандастарымыздың еліне келіп
орналасуына негізделгені айдан анық.
21
Шетелдегі бүгінгі қазақ осыдан он жыл бұрынғы қазақ емес, тіпті бес жыл
бұрынғы да қазақ емес - басқа қазақ. Ол – ұлт ретінде қалыптасқан, өзінің
ұлттық мүддесіне берік, ең бастысы, Қазақстан десе ішкен асын жерге қоятын,
бұдан кейінгі бүкіл болмысын тек атажұрттың қадірімен өлшейтін жанкешті
қазақ.
Осы тараудың соңғы «Агломерациядағы маятниктік миграцияның
ерекшеліктері және оның әлеуметтік-экономикалық процестерге әсері»
параграфында жергілікті мәліметтер бойынша маятниктік байланыстар
зерттелінген. Халықтың қалаға тұрақты қатынасуы жылдан жылға қарқынды
өсуде, себебі тек тұрмысы жақсарғанда емес, олардың алға қойылған
талаптары, мақсаттары, білім дәрежелері өзгергендігінен, олар да өздерінің
әлуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қажетті деп есептейді. Ауыл
тұрғындарының маятниктік еңбек қозғалыстарына қатысуы халықтың
арасындағы бір ерекше топтың пайда болуына жеткізеді, олар «өтпелі» өмір
сүретін адамдар. Яғни, олар ауылды жерлерде тұрады, бірақ қалалы жерлерде
жұмыс істейді. Олар өз өмірлерінде екі қоғамдық құрылымның әсерін сезінеді,
тұрмыс-тіршіліктерінде қала мен ауылдық белгілерінің жиынтығы айқын
білінеді.
Маятниктік мигранттардың көпшілігі - ауыл шаруашылығына сәйкес емес
мамандықтардың иегерлері және де олардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктері
қала салтына бағытталған. Осылардың әсерінен кейінгі жылдарда қала мен
ауылды жақындату барысында экономика, мәдени даму, тұрмыс және
әлеуметтік салаларында көптеген өзгерістер енгізілді. Әрине, ауыл мен қаланың
арасындағы қайшылықтарды жою үшін тек бір жақты шаралар аздық етеді, ол
үшін кешенді бағдарламалар қажет. Себебі ауылдан келген мигранттардың қала
тіршілігіне бірден үйренісіп, өз орындарын таба алмаса, олар қаланың
криминалдық жағдайын ауырлатуы мүмкін еді. Бірақ бұл әлеуметтік айқындық
қалаға ұмтылған жастар легін бәсендетпегені сөзсіз, тек енді олар қалаға
көшкеннен гөрі, қалада тек жұмыс істеп, ауылға күнделікті қайтып отыру
мүмкіндіктерін пайдаланды. Егер Алматы және қала маңайы арасындағы
маятниктік байланыстарды талдайтын болсақ, онда даму дәрежесі және
бағдарлау сипатына қатысты территориялардың арасында анықталған
шектеулер жүргізуге ықтимал. Сонымен қоса, маятниктік миграцияларының
жиілігі олардың тұрған жерлерімен жұмыс істейтін жерінің арақашықтығына
да байланысты екені белгілі. Ал маятниктік миграциялардың радиусы көбінде
қаланың көлеміне де қатысты есептелінеді.
Алматы айналысындағы жақын территориялар үшін маятниктік
байланыстардың ең жоғары дәрежесі екі жақтылығы байқалады: жұмысқа
барып жүрген тұрғындар саны, қаладан келіп жүргендерден анағұрлым басым
болғандықтан, бұл қатынастарды қала ішіндегі жүріп қайтуларымен теңестіруге
болады. Мысалы, Алматы – Байсерке, Алматы – Ащыбұлақ (Іле ауданы Алматы
облысы) олар транспорттың бір сағаттың арасында жетуге қолайлы
территориялар. Ауыл тұрғындары қала ішінде болып, қалалықтармен тығыз
байланыс жасап, тіліне, мәдениетіне жағымды әсерін тигізеді. Екінші – ол
маятниктік еңбек миграциясы басым дамыған тұрғын территориялар, негізінде
22
тек қалаға бағытталған. Ол екі сағаттың арасында жетуге қолайлы Чапаево,
Междуреченск (Іле ауданы Алматы облысы) территориялар. Келесі
байланыстарға назар аударатын болсақ, ол магистраль бойында орналасқан
қаламен байланыстары болымсыз территориялар – Ақши, Шеліккемір (Іле
ауданы Алматы облысы) Алматы қаласынан екі жарым сағаттық қашықтықта
орналасқан, өзінің әкімшілік шеңберінде территориясы шектелген,
маятникалық байланыстары шамалы ол Қараой, Қосөзен (Іле ауданы Алматы
облысы). Территориялар арасындағы байланыстарды IV тұрақты зонаға бөлдік.
Ол арақашықтыққа, көлік қатынасына байланысты бөлінеді. Осыған орай
көліктердің саны әр түрлі: яғни Алматы – Ақши қашықтықта 2 маршрут –300
теңгеден, ал Алматы- Ащыбұлақ 9 маршрут- 40 теңге. І тұрақты зонада
маятниктік қатынастар жиі болуы ықтимал, ал IV зонаның қатынасы бір жақты
және маятниктік байланыстары өте сирек екені айқындалады. Аудан
тұрғындарының маятниктік миграциялық қатынастарға араласуы ауданның
транспорттық қатынастарының жақсы дамығанына байланысты. Қала түбіндегі
ірі агроөндіріс кешендерінде жұмысқа қаладан тек тәжірибелі, жоғары білімді
мамандар ғана тартылады. Ал агломерациядан қалаға көбінде жастар
ұмтылады. Енді алшақ орналасқан ауылдағы адамдар қала іргесіндегі
ауылдарға ұмтылса, ал ондағы турғындар ірі мегаполиске қарай жұмыс істеуге
бет алады. Әрине, күнделікті жолсапарына шыққан адамдардың тұрмысында
елеулі өзгерістер байқалады. Енді олар ауылды жерлерде тұрса да, қосалқы
шаруашылықпен айналысудан бас тартады, себебі оған олардың біріншіден
уақыттары болмайды, екіншіден керекті заттарды енді олар жанын қинамай ақ ақшасына сатып алуға тырысты. Олардың ірі мегаполиске көш басын
бағыттамағаны, тіпті маятниктік мигранттар қатарына қосқан жағдай –
транспорттық магистральдық байланыстарының жоғары дамығандығы екені
сөзсіз. Бұл келешекте қала мен даланың арасындағы айқындалған
шекаралардың жойылуына әкелуі ықтимал.
Қоғамдық көліктерін үнемі пайдаланған мигранттар «транспорттық
шаршау» жағдайына тап болуы ықтимал, ол денсаулықтарына зиянын тигізетіні
анық. Бос уақытының көбін жолсапарға жұмсаған олар демалу мен серуендерге
арналған уақыттары шектеулі болады. Енді ол мәселесін шешу үшін олар
қоғамдық көліктерден гөрі жеке меншік автокөліктерін қолдануын құптайды.
Маятниктік миграция шеңберінде әрбір кеңістіктің өзіндік ерекшіліктері мен
артықшылықтары бар. Мәселен, бірінші кеңістікке қарасты елді мекендер
қалаға өте жақын орналасуымен, миграцияға кететің уақыттың аздығымен
ерекшеленеді. Ал төртінші кеңістіктегі елді мекендер орталық қаладан алыс
орналасқан.
Агломерациядағы
маятниктік
байланыстардың
өзіндік
қиындықтары болғанмен, ол жолаушылар тасымалының қарқынды жүруіне
орай миграция кедергісіз іске асырылады.
Жоғарғы қарқынмен жүргізілген кенттену нәтижесінде халықтың, өндіріс
орындарының бір жерде жоғары дәрежеде шоғырлануы онсыз да жағымсыз
экологиялық жағдайдың күрт төмендеуіне жеткізгені анық. Және де қоғамның
даму барысында айқындалғаны, осы уақытқа дейін еліміздегі кенттену үрдісі
экстенсивті тәсілімен жүзеге асырылуда, яғни ірі қала тұрғындарының саны
23
миграциялық өсім арқылы ғана жылдан жылға көбейіп келеді. Бірақ ірі
қаланың кез-келген кәсіпорындары мен қызмет көрсету саласы ауылдан ағылып
келген арзан еңбек күшін бірден жұмыспен қамтамасыз етуі мүмкін емес.
Соған қоса ірі мегаполис өзінің территориялық қорын да әбден пайдаланып
болып, енді өзінің жерін тек агломерация есебінен ғана ұлғайта алады.
Маятниктік миграциялар урбанизациялық үрдістерді ілгері жылжытып
халықты қоныстандыру барысына әсерін тигізеді. Сондықтан маятниктік еңбек
байланыстарының келешекте даму дәрежесінің деңгейін, халықтың ерекше
қоныстану жағдайларын есепке алмай анықтау мүмкін емес.
Диссертациялық жұмыстың «ҚОРЫТЫНДЫ» бөлімінде оның мазмұнынан
туындайтын ойлар жүйеленіп, тұжырымдар мен агломерацияға қатысты ұтымды
ұсыныстар жасалынған.
Алматы агломерациясының қалыптасуы республикадағы урбандалу
процесінің ауқымында жүріп, ұзақ уақыттарға созылды. Қазақстан өзінің
тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін бұл үрдіс күшейіп, қалалық агломерация
өзіндік белгілерін айқын танытуда. Алматы агломерациясы моноцентристік
типке жатады. Орталық қала Алматы мен оның маңындағы елді мекендер
арасында әлеуметтік-мәдени байланыстар айтарлықтай деңгейге көтерілген.
Қала маңы қаланы қажетті жұмыс күшімен қамтамасыз етеді. Ал орталық қала
қала маңы үшін мамандар даярлайды. Бір жағынан қала маңы мегаполисті
азық-түлікпен қамтамасыз етсе, екінші жағынан қаланың әлеуметтікэкономикалық және мәдени мүмкіндіктерін пайдаланады. Кез – келген
өркениетті елдердегі кенттену үрдістері бірнеше ғасырлар бойы жүргізілсе,
олардың қала тіршілігіне үйренуі кедергісіз, жоспарлы жүргізілді. Ал жедел
қарқынмен жүргізілген республикамыздағы кенттену үрдісінің жағымсыз
салдары кез – келген аймақтарда, әсіресе агломерацияда айқын сезілді. Ішкі
миграциялық ағымдарын реттеу үшін агломерацияның өзінде шаруашылығы
жан-жақты жетілдірілген орталық аймақтар құрып, дамыған инфроқұрылымы
бар, шаруашылыққа жағымды жағдайлар жасалған тірек тұрғын орталықтарға
халықты қоныстандыру керек.
Республикада ішкі миграцияларының табиғаты толық зерттеліп, мемлекет
тарапынан салалы бағдарламалар қабылданып, орындалуы тиіс немесе
миграцияны тұрақтандыру, бір жерден екінші жерге көшуді азайту үшін
неғұрлым жергілікті жерлерде тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыс және
экологиялық, экономикалық түйіткілдерін шешу соғұрлым миграцияның
қарқынын басады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Алаев Э.Б. Понятийно-терминологический словарь. - М. Мысль, 1983 218 с.
2 Гали А. «О Шаныраке », казахской нации и ее интеллигенции …
// Мегаполис. - 2007, 19 марта.
3 Назарбаев Н.Ә. Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша
республикалық кеңес // Егемен Қазақстан. - 2007 ж., 6 наурыз.
24
4 Лаппо Г.М. Развитие городских агломераций в СССР. - Москва: Наука,
1978. – 152 с.
5 Саушкин Ю.Г., Глушкова В.Г. Москва среди городов мира. - М: Мысль,
1983. - 285 с.
6 Маятниковая миграция сельского населения. - М: Финансы и статистика,
1981. - 88 с.
7 Хорев Б.С. Проблемы городов. - М: Мысль, 1975. - 98 с.
8 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в
Казахстане (1917-1980). - А-Ата: Ғылым, 1991. – 43 с.
9 Асылбеков М.Х., Козина В.В. Демографические процессы современного
Казахстана. - Алматы: Атамұра, 1997. - 140 с.; Они же. «Казахи»
(демографические тенденции 90-х годов). - Алматы: «Өркениет», 2002. - 144 с.
10 Алдажуманов К.С., Алдажуманов Е.К. Депортация народа –
преступление тоталитарного режима. - Алматы: Фонд «XXI век», 1997. – 168 с.
11 Омарбеков Т. Қазақстанға қанша халық көшіп келген? // Ақиқат. – 1994. –
№1. - 44-48-бб.; Депортация: корейлер қасіреті // Ақиқат. – 1997. –№ 6. -35-38бб.; Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау //
Ақиқат. – 1997. – № 8. -19-24-бб.
12 Тәтімов М. Ұлттық урбанизациямыздың ұтымды үрдістері. - Алматы:
Атамұра, 1993. – 102 б.
13 Ақынжанов М.А. Проблемы межнациональных отношений и общечеловеческие ценности / Сб. Гуманизации двух сферы общества. – Алматы, 1992.
– С. 72-79.
14 Алексеенко Н.В. Население Казахстана за 100 лет (1897-1997 г.г.). - УстьКаменогорск: Полиграфия, 1999. - 113 с.; Алексеенко А.Н. Население
Казахстана 1920-1990 г.г. - Алматы. Ғылым, 1993. - 222 с.
15 Кадыркулова Г.К. Население Семиречья в 1867-1926 г.г. (историкодемографические аспекты ): Автореф. ... кан. ист. наук. - Алматы, 2000. - 31 с.;
Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (18971999 ж.ж.): Автореферат ... т.ғ.к. - Алматы, 2002. - 395 б.
16 АОММ. 685-қ. «Алматинский областной Совет народных депутатов и
его исполнительный комитет 07.10.77-12.02.92, с 12.02.92. Алматинский
областной маслихат». 8-т., 3294-іс, 209-п.
17 АОММ. 1078-қ. «Алматинский областной маслихат». 1-т., 37-іс, 87-п.
18 ҚРОММ. 3-қ. «Областное правление Оренбургскими киргизами
Министерства Внутренних дел», 1- т., 7-іс, 68-69-пп.
19 ҚРОММ. 3-қ. «Областное правление Оренбургскими киргизами
Министерства Внутренних дел», 1-т., 7-іс, 71-п.
20 ҚРОММ. 48-қ. «Верненская
городская управа» Министерства
внутренних дел г. Верный Верненского уезда, 1- т., 875-іс, 1-п.
21 АОММ. 350-қ. «Семиреченский областной революционный комитет
1918-1923 гг.». 1-т., 18-іс, 146-п.
22 Алматы қаласының ОММ. 174-қ. «Алматинский городской совет
народных депутатов и его исполнительный комитет. Горсовет и его
исполком.», 15-т., 259-іс, 2-32 -пп.
25
23 АОММ. 1078-қ. «Алматинский областной маслихат». 1-т., 22-іс,
6061 –пп.
24 Алматы қаласының ОММ. 107-қ. «Статистическое управление г. АлмаАты. Центральное Статистическое Управление Казахской ССР». 17-т., 107- іс,
7-8-пп.
25 Омарбеков Т. Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын
қуғындау // Ақиқат. – 1997. – № 8. -19-24-бб.
26 АОММ. Қапшағай филиалы. 210-қ. «Аппарат акима Илийского района»,
1-т., 27-іс, 23-п.
27 АООМ. Талғар филиалы.18-қ. «Талгарская районная администрация», 1т., 19-іс, 32-п.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН
МАҚАЛАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
1 Қазақстандағы тілдер процестеріне маятниктік миграцияның әсері //
«Парасат» атты Қазақстандық көпсалалы институдында өткен халықаралық
ғылыми-практикалық конференция. – Алматы, 2006, 26-27 сәүір. – 226-229-бб.
2 Алматы агломерациясындағы этномиграциялық үрдістері ( Қарасай
ауданы мысалында) // «VII Сәтбаев оқулары» Павлодар Мемлекеттік
Университеті. Халықаралық ғылыми конференция. - Павлодар, 2007, 12 сәуір.
-152-157-бб.
3 Алматы агломерациясындағы этнодемографиялық үрдістер. (Талғар
ауданы деректер негізінде). // «Парасат» атты Қазақстандық көпсалалы
институдында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция. –
Алматы, 2007, 26-27 сәуір. – 324-329-бб.
4
Қазақстандағы
этнодемографиялық
үрдістердің
динамикасына
оралмандардың әсері ( Алматы агломерациясы мысалында ) // «Отан және әлем
тарихы XXI ғасырда: ғылыми парадигмалардың ортақтығы мен ерекшеліктері »
атты Халықаралық Бекмаханов оқуларының ғылыми материалдары. – Алматы,
2007, 22-23 қараша. – 315-319-бб.
5 Қазақстандағы ірі қала түбіндегі экономикалық тіршілік процестеріне
маятниктік миграцияның әсері (Алматы облысы Іле ауданы мысалында) //Қаз.
ҰУ хабаршысы, 2006. -№ 2. - 125-128- бб.
6 Аймақтағы әлеуметтік-демографиялық үрдістердің даму ерекшеліктері
(Іле ауданы деректері негізінде) // Ізденіс, 2007. - № 3. - 178-184-бб.
7 Қала маңына қоныстану: этнодемографиялық және әлеуметтік даму
ерекшеліктері ( Талғар ауданы мысалында) // Ізденіс, 2007. - № 4. - 143-148-бб.
8 Алматы мен Қарасай ауданының арасалмағы немесе Алматы
агломерациясындағы маятниктік миграцияның ерекшеліктері // Қазақ тарихы,
2007. - № 3. - 78-81-бб.
9 Алматы агломерациясы: шығу тарихы, маңызы және келешегі // Қазақ
тарихы, 2008. - № 2. -110-115-бб.
26
РЕЗЮМЕ
на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата
исторических наук 07.00.02 - Отечественная история (История Республики
Казахстан)
СУЛЕЙМЕНОВА КЫМБАТ КАСЫМОВНА
Алматинская агломерация: особенности и динамика
этнодемографического и миграционного развития (1991-2007 г.г.)
Актуальность темы исследования. Актуальность исследования истории
формирования и развития Алматинской агломерации, изучения ее социальноэкономических
особенностей,
этнодемографического
развития,
этномиграционных процессов заключается в том, что это один из особенных
регионов Казахстана, который занимает важное место в экономическом,
культурном и политическом развитии страны.
Цель исследования – комплексное изучение социально-экономического и
этнодемографического развития Алматинской агломерации с 1991 по 2007
годы.
Задачи исследования:
- исследовать историю формирования и развития Алматинской
агломерации;
- выявить особенности этнодемографического развития и миграционных
процессов населения агломерации;
- выявить формирование основных тенденций и направлений
этномиграционных процессов между городом и пригородными районами;
- показать рост влияния оралманов на динамику этнодемографического
развития в Алматинской агломерации;
- определить особенности маятниковых миграций в агломерации и их
влияние на социально-экономическое развитие региона в целом;
Научная
новизна исследования: Научная
новизна исследования
заключается в том, что впервые в данной работе на основе дерективных
архивных, статистических материалов анализируются с историко-критических
позиций история формирования Алматинской агломерации, особенности ее
социально-экономического и этнодемографического развития. Впервые в
данной работе показаны особенности периодов развития Алматинской
агломерации, что позволило дифференцировать их согласно основным
спектрам диссертационного исследования:
- на основе конкретно-исторического материала архивных, статистических
источников рассматривается история развития Алматинской агломерации;
- исследуются особенности этнодемографического развития
и
этномиграционных процессов населения Алматинской агломерации;
- рассматриваются особенности развития маятниковых миграций в
агломерации и их место в социально-экономическом развитии региона;
27
рассматривается
влияние
оралманов
на
динамику
этнодемографического развития в Алматинской агломерации;
Результаты исследования. В диссертационной работе получены
следующие результаты:
- Формирование и развитие Алматинской агломерации проходило
длительный период и оно было тесно связано с процессами урбанизации.
Будущее Алматинской агломерации обусловлено следующими факторами:
политической стабильностью в республике, благоприятным экономикогеографическим положением, развитой системой коммуникации и сети дорог,
эффективным экономическим развитием региона.
- Этнический состав городской агломерации сложен, 54,6% населения
составляют казахи, их численность 243961 человек, русские 115298, уйгуры
22458, курды 5365, турки 15036, азербайжанцы 3421, украинцы 3090, немцы
2688, татары 2357, корейцы 2070. Население Алматинской агломерации не
только полиэтнично, но и поликонфессионально.
- Процесс притяжения населения к крупному мегаполису непрерывен,
поэтому плотность населения относительно других регионов страны очень
высока и в пригородном расселении этнические, конфессионалные,
этномиграционные процессы постоянно изменяются.
- На динамику населения Алматинской агломерации оказало большое
влияние переселение этнических казахов на историческую родину. За 19912007 годы в Алматинскую агломерацию прибыло 87260 оралманов. Основным
местом расселения оралманов стал Карасайский район. Оралманы активно
вписались в этнодемографическую структуру региона, внося ощутимый вклад в
социально-экономическое, культурное развитие агломерации.
Структура диссертации. Диссертационная работа состоит из введения,
двух разделов, заключения, списка использованной литературы и приложения.
28
SUMMARY
The abstract of dissertation on scientific degree of the candidate of history
sciences on speciality 07.00.02 – Native history
(A History of Republic of Kazakhstan)
SULEIMENOVA KYMBAT KASYMOVNA
Almaty’s Agglomeration: Specific Features and
Ethnodemographic and Migration Development (1991-2007)
Dynamics
of
Research urgency. The urgency of studying of the history of formation and
development of the Almaty agglomeration, studying its social and economic features,
ethnodemographic development, ethnomigration processes is in the fact that this is
one of specifjcat Kazakhstan’s regions taking an important place in the economic,
cultural, and political development of the country.
Research purpose. The purpose of the research - complex studying of
socioeconomic and ethnodemographic development of the Almaty’s agglomeration
from 1991 to 2007.
Research tasks:
- Studying the history of formation and development of the Almaty’s
agglomeration;
- Detecting specific features of ethnodemographic development and migration
processes of agglomeration population;
- Revealing the formation of basic trends and directions of ethnodemographic
processes between the city and suburban districts;
- Showing the growth of oralmans’ influence on the dynamics of
ethnodemographic development in the Almaty agglomeration;
- Defining specific features of push-pull migrations in the agglomeration and
their influence on socioeconomic development of the region as a whole.
Scientific novelty of the research: The scientific novelty of the research lies in
the fact that the history of formation of the Almaty’s agglomeration, specific features
of socioeconomic and ethnodemographic development there are analyzed from
historico-critical terms in this work for the first time on the base of guiding, archive,
and statistical materials. Specific features of development of the Almaty
agglomeration are demonstrated in this work for the first time, which allowed
differentiating them according to basic aspects of the thesis:
- The history of development of the Almaty agglomeration is considered on the
grounds of concrete historical materials of archive and statistical sources;
- Specific features of ethnodemographic development and ethnomigration
processes of the Almaty’s agglomeration’s population are researched;
- Specific features of development of push-pull migrations in the
agglomeration and their place in socioeconomic development of the region are
considered;
29
- Oralmans’ influence on the dynamics of ethnodemographic development in
the Almaty agglomeration is studied.
Research results. The following results have been received in the thesis:
- The Almaty’s agglomeration have been formed and developed for a long
period of time and have been closely related to urbanization processes. The future of
the Almaty agglomeration is associated with the following factors: political stability
in the Republic, favorable economic and geographical location, developed
communication system and road network, efficient economic development of the
region.
- The ethnic composition of the urban agglomeration is complicated; 54.6% of
the population are the Kazakhs numbering 243961; the Russians – 115298; the
Uigurs – 22458; the Kurds – 5365; the Turks – 15036; the Azerbaijani – 3421; the
Ukrainians -3090; the Germans – 2688; the Tatars – 2357; the Koreans – 2070. The
population of the Almaty agglomeration is not only polyethnic but polyconfessional
as well.
- The process of attraction of the population to the large megapolis is
continuous, that is why the density of the population against other regions of the
country is very high, and ethnic, confessional, ethnomigration processes in suburban
settlement constantly change.
- Migration of ethnic Kazakhs to the historical motherland has influenced greatly
on the dynamics of the Almaty’s agglomeration’s population. 87260 oralmans came
to the Almaty agglomeration during the period from 1991 to 2007. The main place of
oralmans’ settlement is Karasai district. Oralmans have actively integrated into the
ethnodemographic structure of the region, making substantial contribution to
socioeconomic and cultural development of the agglomeration.
Thesis structure. The thesis consists of the introduction, two chapters,
conclusion, bibliography and appendix.
30
СҮЛЕЙМЕНОВА ҚЫМБАТ ҚАСЫМҚЫЗЫ
Алматы агломерациясы: этнодемографиялық және миграциялық даму
ерекшеліктері мен динамикасы
(1991-2007 ж.ж.)
07.00.02 – Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
авторефераты
13. 03. 2009 ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16
«Multilaser» қағазы.
Көлемі 1,5 б. т. Таралымы 100 дана
Тапсырыс № 1.
31
Download